Worldskills «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша кәсіптік шеберлік сайысы

12-14  2019 жылы Ақмола облысы Қатаркөл ауылшаруашылық колледжінің базасында Worldskills «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша кәсіптік шеберлік сайысы өткізілді. Worldskills  халықаралық талаптары бойынша тек практикалық тапсырмалардан құрылған. Сайысқа 5 облыстан келген қатысушылар қатысты. Қарағанды облысынан екі колледж, Костанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары. Барлығы 12 сайысқа қатысушылар болды. Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінен Асқарбек Тоғжан және Төребек Бекболат сайысқа түсті. Сайысты бағалауға Ақмола облысының ветеринарлық инспекциясынан және С.Сейфуллин аграрлық колледжінен құзыретті эксперттер шақырылған. Сайыс үш модульден тұрды. А) Ситуациялық тапсырмаларды шешу, В) Микробиология және С) Тағам өнімдерін ветеринарлы санитарлық сараптау. Сайыс өте қызу өтті.  Қатысушылардың жақсы дайындалып келгені жұмыстарынан көрініп тұрды. Екінші күні сайыстың қортындысы шығарылды. Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті Асқарбек Тоғжан бірінші жүлдеге ие болса, Қатаркөл ауылшаруашылық колледжі (Ақмола облысы) 2 орын, ал Абай көпсалалы колледжі (Қарағанды облысы) 3 орынды қанағат тұтты.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 106046Всего посетителей:
  • 64Посетителей сегодня:
  • 94Посетителей вчера:
  • 1277Посетителей на прошлой неделе:
  • 4476Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.