Колледждің бүгінгі күнімен танысты

2019 жылдың 12 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігенен келген мемлекеттік инспектор Талғат Байзатов Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» бүгінгі таңдағы әлеуметтік-материалдық жағдайымен танысты.

Колледж қазіргі кезде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» жасайтын қызметтің барлық түрін көрсетеді. Осы ауылда немесе көршілес ауылдарда, колледжде оқитын студенттер мен қызмет ететін оқытушылардың барлығына қызметтің кез-келген түрі көрсетіледі.

-Біздің орталығымыз халыққа көрсетілетін қызметтің 300 түрін жасай алады. Әсіресе, қазіргі кезде көп кездесетін қажетті құжаттарды алу, оның ішінде тұрғылықты жердің анықтамасы, отбасы құрамы туралы тағы басқа құжаттарды беру күнделікті ісімізге айналған.-деді мемлекеттік инспекторды жұмыс барысымен таныстырған колледж директоры Оралбек Оспанов.

Сонымен қатар, мемлекеттік инспектор Талғат Байзатов ветеринариялық зертхана орналасқан аудорияларды аралап, оқып жатқан студенттердің диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасу туралы да ойларын ортаға салды.

-Колледж материалдық тұрғыдан қамтылған, бұл жерде оқыған студенттердің сапалы білім алатынына сенімдімін. Алдағы кезеңде ауылдағы шаруа қожалықтарымен бірлесіп жұмысқа орналастыру да маңызды міндеттердің бірі саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл мәселе жайында халыққа арнаған жолдауында тыңғылықты айтқан болатын.-деді өз сөзінде мемлекеттік инспектор Талғат Әбілсейітұлы.

-Түлектердің жұмысқа орналасуы да басты назарда. Бүгінгі күні біздің колледжді тәмамдаған студенттердің 80% жұмысқа орналасып жатыр. Тіпті, облыстың алыс аудандарындағы шаруа қожалықтарынан да агроном мен ветеринар мамандықтарына сұраныстар артып келеді.-деді түлектер мәселесі туралы баяндаған колледж директоры Оралбек Төлегенұлы.

Колледждің болашағына сәттілік тілеген мемлекеттік инспектор Талғат Байзатов Тәуелсіз еліміздің ертеңіне лайықты үлес қосып отырған оқытушылар құрамына алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 106047Всего посетителей:
  • 65Посетителей сегодня:
  • 94Посетителей вчера:
  • 1278Посетителей на прошлой неделе:
  • 4477Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.