Парламент Сенатының депутатымен кездесу

Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, «Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту» Комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусин 2019 жылдың 04 наурыз күні Саратовка ауылындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» оқытушылармен және студенттер құрамымен кездесті.

-Биыл Елбасының халыққа арнаған жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы болып бекітілгенін білесіздер. Қазіргі заманның білімді жастары ертеңгі болашақтың тірегі болады. Жастардың мәселелерін шешуге күш саламыз. Алған білім ел игілігіне жұмсалып, Отан үшін еңбек етуге талпыну керек.-деді отырысты ашып сөз бастаған Дүйсенғазы Мағауияұлы.

Ол «Жастар жылы» аясында атқарылатын жұмыстар мен әлеуметтік мәселелер төңірегінде қолға алынған істер туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, елдің әлеуметтік-тұрмысын көтеруге жеке бизнестің тигізетін пайдасы мен колледж студенттерінің мамандығы мен олардың баратын жұмыс орындары жайлы әңгімеледі.

-Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысатын мал шаруашылығына қажетті ветерианар мен мал азығын дайындайтын шабындық жерлерді білетін агроном мамандар тапшы болып барады. Осындай сәтте тек қана өз ісіне берілген білікті мамандар ғана өз орындарын табады. Таңдаған мамандықты үтір-нүктесіне дейін меңгеріп, кәсіби маман деңгейіне көтерілу керек. Бұл қазіргі заманның – талабы.-деді колледж ұжымымен тілдескен Сенат депутаты Д. Мусин.

Кездесу соңында Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин өзі қызмет ететін Комитеттің жұмысы туралы айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 24972Всего посетителей:
  • 37Посетителей сегодня:
  • 48Посетителей вчера:
  • 309Посетителей на прошлой неделе:
  • 867Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.