«Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқаудың қорытындысы

 

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға» «Серпін» әлеуметтік жоба шеңберінде білім алып жатқан студент жастарының арасында «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы 2018 жылдың  қазан айының 30-31 күні Павлодар қаласында өтті.
    «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы колледждер үшін 5 мамандық бойынша өткізілді. Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінен «Ветеринария» мамандығы бойынша 2 студент Төребеков Бекболат және Жайшылықова Назерке қатысты.
    Байқаудың бірініші күні ашылу салтанаты С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өтті. Конкурстың бірінші бөлімі  үй тапсырмасы «Туберкулезбен күресу шараларын жоспарлау» берілген болатын. Біздің студенттер үй тапсырмасын презентация және видеоролик түрінде ұсынды. Бірінші бөлімнің қортындысы бойынша Төребеков Бекболат максималдық 15 баллдың 13 балын жинап 1 орынды иеленсе, Жайшылықова Назерке 12 баллмен 2 орынды иеленді. Конкурстың 2 бөлімі теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындау болды, ол «Жануарлардан қан алу», «Туберкулинизация», «Сібір жарасына қарсы иммунизациялау», «Магниттік зондты енгізу», «Ашық жолмен қозыларды кастрациялау» манипуляцияларын орындау. Студенттер өздерінің теориялық білімдерімен қоса кәсіби шеберліктерін өте жоғары деңгейде көрсете білді.
Әділ қазылар алқасының шешімімен Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті Төребеков Бекболат жүлделі 2 орынды иемденіп, «Күміс медальмен» марапатталды.
                                                                                            Жетекшісі Уалиева Г.М.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 27782Всего посетителей:
  • 58Посетителей сегодня:
  • 92Посетителей вчера:
  • 447Посетителей на прошлой неделе:
  • 1299Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.