Қайырымдылық акциясы өткізілуде!!!

Қазіргі таңда өзіміз де және өзіміз қоғамдық орындарда кездесе қалсақ әңгімелесе кететін адамдардың да айтатыны – біздің бір-бірімізге деген адамгершілік қасиеттеріміздің азайып бара жатқандығы. Шынында да, сыйластық пен қайырымдылық, ізеттілік пен мейірімділік тапшы болып кетті ме? Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, адами қасиеттерді ойлай бермейтін сияқтымыз ба, қалай?

            Осы ізгі адамшылық қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру үшін насихат жұмыстарын да жиірек өткізген абзал сияқты. Адамгершілік мінезді жастардың бойларына сіңіру үшін оларға мысал келтіріп айтқаннан гөрі, іспен, тер төгіп дәлелдеген өте оңтайлы болары анық.

            Саратовка ауылындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» «Қар десанты» акциясын өткізу барысында ауылдың қарттарына көмек жасалып, қайырымдылық шаралары өткізілді.

Колледж директоры Оралбек Оспанов бастаған бір топ студент қол еңбегін атқаруға қауқарсыз ауылдың бірнеше қарияларының үйлеріне барып көмектесті.

Алғашқы болып бас сұққан үйдің иесі отыз жеті жылдан астам уақыт ауылдағы колледжде (ол кезде техникум болған) дене тәрбиесінен сабақ берген жетпісті алқымдаған Вера Польшина еді.

-Биыл қар қалың түсті. Үйдің маңайына шығып қатынайтын соқпақ жолдар мен қорамның үстіндегі қалың қарды тазартып берсеңіздер өте жақсы болар еді.-дейді жалғызбасты ана Вера Васильевна.

Вера Васильевнаның үйінің маңы мен қорасының төбесін қалың қардан тазартқан бір топ студент ақ шашты әзиз анадан алғыс арқалап, сексеннің сеңгіріне шыққан Зинаида Матухноның үйіне келіп ат басын тіреді.

-Көктем шыға осы қардың қалың суы бізді көп әуреге салатыны белгілі. Қазір тек қана соқпақ жолдарды тазартып берсеңіздер болғаны, ал көктем шыға қар еріген кезде келіп, судың арнасын бұрып беріп арық жасауға көмектессеңіздер екен.-деді алғысы мен тілегін қатар білдірген Зинаида Марковна.

Келесі үйдің қариясы да жалғызбасты ана Нина Титова да жас жеткіншек студенттерді риза көңілмен қарсы алды. Нина Николаевна да әсіресе көктемде келіп, қол ұшын созуды сұрады. Қалың қардың қаптаған суы маңайды алып кететінін жеткізген ана барлық жастарға алғысын білдіріп, болашақтарына табыс, өздеріне денсаулық, еңбектеріне жеміс пен жеңіс тіледі.

-Биыл қар көп жауып, көпшілікті әуреге салды. Осындай сәттерде біз қол күшіне зәру болып отырған ақ шашты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымызды ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз көрген жалғызбасты аналар біздің ісімізге дән риза болды. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шараларын атқаруды жыл сайын жүйелі түрде атқарылуын қолға алуымыз қажет.-деді студенттерге рақметін айтқан колледж директоры Оралбек Төлегенұлы.

-Атам қазақ бір-біріне өте мейірімді, қайырымды болған. Біз алыста жүріп, ата-аналарымызды сағынамыз. Бүгінгі атқарған жұмысымыз, кәрі адамдарға жасаған көмегіміз – ата-анамызға жасаған көмекпен пара-пар болды.-дейді қызылордалық студенттер Жұлдызлан Жүсіпбалиев пен Нұрғиса Әуелбек.

Сонымен қатар, қарттарға қол ұшын созған студенттер арасында Әйгерім Асанова, Жібек Байназар, Бекарыс Шамша, Олжас Бекмұратов, Әділ Нығмет, Анар Тұтбаева, Марал Арғынова және Аян Өмірбеков сынды жастар белсенді істерімен көзге түсті.

Осы жастар біздің қоғамдағы – қазақы қоғамның адамгершілік қасиеттерінің жоғалмайтынын көрсетті. Олар біздің арамыздағы адамгершілік қасиеттің өміршеңдігін істерімен дәлелдеп көрсетті.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 106056Всего посетителей:
  • 74Посетителей сегодня:
  • 94Посетителей вчера:
  • 1287Посетителей на прошлой неделе:
  • 4486Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.