Записи в категории Психологическая служба

психолог парақшасы.

Білім  берудегі  психологиялық  қызмет жұмысының мазмұны

          Халыққа  білім  берудегі  психологиялық  қызметтің  негізгі мақсаттары  оның  жұмысының  мазмұнына  сәйкестігімен  анықталады:

  1. Баланың әр жас  ерекшелік  кезеңінде  толық  жеке  және  интеллектуальдық  жетілуін,  өз-өзін  тәрбиелеу  және  өз-өзін  жетілдіру  қабілеттерін  дамытуын  қамтамасыз  ету  қажеттілігімен  анықталады.
  2. Әр балаға жекелей  ықпал  етуді  және  осыған  сәйкес  балалардың  психологиялық-педагогикалық  жағын  зерттеу  ерекше-ліктерін  қамтамасыз  ету  маңыздылығымен  анықталады.
  3. Профилактика міндеттерімен  және  балалардың  жеке  және  ақыл-ой дамуындағы  ауытқуларын  жеңе  білуімен  анықталады.

          Психологиялық  қызмет    келесі  негізгі  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады.

  • Психопрофилактикалық жұмыс
  • Психодиагностикалық жұмыс
  • Жетілдіру және  психологиялық  түзету  жұмыстары
  • Психологиялық кеңес жұмыстары
  • Ағартушылық жұмыстары

Психологиялық қызметтің басты мақсаты — даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологтың этикалық кодексі:

  1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
  2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
  3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
  4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
  5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
  6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
  7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
  8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
  9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
  10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
  11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

Студенттерге психологиялық кеңес

Ойды дамыту жолдары.

1.Ақылды болғың келсе, мағыналы сұрақ қойып үйрен, мұқият тыңдай біл, байсалды жауап бер және басқа айтарың болмаса үндемей қал.

2.Ой күшінсіз білімді алу мүмкін емес, сонымен қатар ойда білімсіз дамымайды.

3.Ойды дамыту – бұл өз ақыл-ойыңды біліммен толтыру. Білім көздері алуан түрлі: білім беру мекемелері, кітаптар, теледидар, ғаламтор, адамдар. Олар: заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпараттар береді.

4.Ой сұрақтардан басталады. «Неге?»,және «Қалай?» деген сұрақтар арқылы барлық жаңалықтар ашылды. Сұрақ қоюды және оған жауап іздеуді үйрен.

5.Әзір стандартты шешімдер қалған нәтиже бермесе ғана, ой белсенденеді. Сондықтан ойдың дамуы үшін заттар мен құбылыстарды әр қырынан көре біліп, жаңа нәрсені байқай білу керек.

6.Зат пен құрылыстың әртүрлі белгілерін байқау, және оларды салыстыра білу – ақыл-ойдың қажетті қасиеттері.

7.Адам объектінің әртүрлі белгілерін көре білетін болса, онда оның ойы икемді және жетілгенін білдіреді. Бұл икемділікті тапқырлыққа айналған ойындарда, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштар арқылы жаттықтыруға болады.

 

Балаңызбен жанжал кезіндегі әрекет ережесі

  1. Баланың ашуын басуға мүмкіндік беріңіз. Егер ол мазасыз,не ашулы болса, мазасыздығын басуға, қалпына келуге көмектесіңіз. Себебі ашулы адаммен келісу қиын, не мүмкін емес.
  2. Ұрыс, керіс кезінде өзіңізді сабырлы, сенімді ұстаңыз, бірақ балаға менсінбеушілік танытпаңыз. Өз наразылығын негіздеуге мүмкіндік беріңіз. Себебі ашулы адам жағымсыз эмоцияларға толы.
  3. Баланың ашуын күтпеген әрекеттермен басуға тырысыңыз. Мысалы баладан осы жағдайға байланысты кеңесін сұраңыз, немесе оған маңызды нәрсе туралы сұраңыз. Бастысы бала ойын басқа нәрселерге аударып, жағымсыз эмоциядан арылуға тырысады.
  4. Оның әрекетіне теріс баға, пікір білдірмеңіз, керісінше өзіңіздің не сезіп тұрғаныңыз жайлы аутуға тырысыңыз. «Сен мені алдап тұрсың» дегеннің орынан, «Мен өзімді алдап кеткендей сезіндім» не «Сен дөрекі екенсің» дегеннің орынан, «Менімен осылайша сөйлескенің мені қатты ренжітті».
  5. Балаңызды толғандыратын мәселе мен оның не қалайтынын сұраңыз. Себебі мәселе шешуді қажет ететін нәрсе. Одан өз пікірі мен мәселені шешудің жолдарын ұсынуды өтініңіз.
  6. Қалыптасқан жағдайды талқылап, кінәлілерді іздемеңіз. Керісінше одан шығатын жол іздеңіз. Егер келісімге келе алмасаңыз, келісімге келуге көмектесетін объективті шараларды іздестіріңіз. (заң,фактілер,өсиет,нұсқаулық т.б)
  7. Кез-келген жағдайда балаға өз абыройын сақтауға мүмкіндік беріңіз. Ал өзіңіз баланың ашуына ашумен, айқаймен жауап беруден аулақ болыңыз. Тек баланың әрекеті мен амалына ғана баға беріңіз. Балаға: «Сен міне бірнеше рет өз уәдеңді орындамадың» деп ескерту айтуға болады.
  8. Оның айтқандары мен талаптарын, ескертулерін, тілектерін нақтылау, оған деген шынайы ықыласыңызды білдіреді. Мысалы: «Мен сені дұрыс түсіндім бе,сен ………….қалайсың ба?», «Сен…………..айтқың келді ме?», «Сонда сенің қалауың…………………..?.
  9. Өз қателігіңізді сезсеңіз, кешірім сұраудан арланбаңыз. Бұл баланың сізге деген сыйластығын тудырады. Себебі кешірім сұрауға тек өзіне сенімді және кемелденген тұлға ғана қабілетті.
  10. Ештеңені дәлелдеуге тырыспаңыз.
  11. Бірінші болып тынышталыңыз.
  12. Баланың психологиялық қалпына мінездеме бермеңіз.Оның теріс қылықтарына сөзбен сипаттаудан аулақ болыңыз. «Сен тағы ашулана (жындаға) бастадың ба?», «Жап аузыңды,қарай көз өзін, кішкентай болып алып…!» деген сияқты сөздеріңіз оны одан сайын ашуландырып, жанжалды күшейте түсері анық.
  13. Кетерде есікті қатты жаппаңыз.

Мұғалімдерге психологиялық кеңес

  • Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл парасаттылығын, жан-жақтылығын, ұстамдылығын, сезімталдығын бағалау қажет.
  • Сонымен қатар мынандай кемшіліктермен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі керек: шаршап шалдығушылық ұйқысыздық, беймазалық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салақтық, немқұрайлық, ісіне жауапсыздық, өзін орынсыз төмен ұстау, ашуланшақтық, орынсыз ұялшақтық, күдікшілдік т.б.
  • Мұғалім сыртқы келбетін, өзін-өзі басқару шеберлігін, мимика және поптомимика мәнерлерін, сөйлеу шеберлігін, шешендік қасиетін, дауыс дикциясын сақтауы керек.
  • Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ баланың мінез ерекшелігін жете білмей артық мақтауға да болмайды. Нәтижесінде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтар толы болады. Мысалы: тәкаппарлық, дандайсығандық т.б.теріс қасиеттер қалыптасады. Шәкіртіңіздің мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс.

Қазіргі біздің заманымыздың, ХХI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

  • — біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;
  • — екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
  • — үшіншіден, мұғалім — білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;
  • — төртіншіден, мұғалім-педагогикалық ағымда баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болу керек;
  • — бесіншіден, педагог әр уақытта өз бөлімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті.

Қорыта келе, ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.

Статистика

  • 86491Всего посетителей:
  • 6Посетителей сегодня:
  • 41Посетителей вчера:
  • 405Посетителей на прошлой неделе:
  • 95Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.