Записи в категории О колледже

Центр занятости населения ВКО

Управление координации занятости и социальных программ Восточно-Казахстанской области

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social?lang=ru

Центр занятости населения акимата Уланского района ВКО

https://zoon.kz/ust-kamenogorsk/public_services/tsentr_zanyatosti_naseleniya_akimata_ulanskogo_rajona_vko_/

Тағлымы зор семинар

2019 жылдың 23 қазан күніШығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында арнайы пән  оқытушыларының инновациялық қызметі және оның білім сапасы мен оқу  мотивациясына әсері» тақырыбында ШҚО ТжКБ оқу орындарының директорларының оқу ісі бойынша  орынбасараларына арналған  облыстық семинар өткізілді. ШарағаШҚО Білім Басқармасының, ШҚО КБ  орталығының өкілдері,ТжКБ оқу орындары жүйесі директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарда ТжКБ жүйесін жаңғырту жағдайында мамандарды кәсіби даярлаудың негізгі мәселелері қарастырылып,

Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің  жұмыс тәжірибесі таныстырылды және «Worldskills» стандарттарына сәйкес арнайы пәндер оқытушыларының инновациялық қызметі мен жаңғырту мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасылды.

Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, арнайы пән оқытушылары даярлаған шеберлік сағаттарын тамашалады. Атап айтқанда, «ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандықтарында оқитын студенттердің «Тракторлар мен автомобильдер» пәні бойынша «Электрлік өлшемдер» автомобиль аккумуляторларының іске жарамдығын анықтаса, «Ветеринария» мамандығының студенттері хирургиялық операциялар мен мал өнімдерінің сапасының стандартқа сәйкестігін анықтаудың тәсілдерін көрсетті.

Семинардың теориялық бөлімі колледждің конференц-залында «Дөңгелек үстел» форматында жалғасын тапты. Дөңгелек үстел барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ескалиева Әлия Солтанқызы колледждің бүгінгі күнгі жағдайы, даму барысы, келешегі және жетістіктері мен өзекті проблемалары туралы хабарлама жасады.

Колледждің әдістемелік жұмысы, оқытушылардың инновациялық педтехнологиялар мен оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану — студенттердің білім сапасын және білім мотивациясын арттыруға әсері жайлы колледж әдіскері Кабдуалиева А.С. мен ветеринария мамандығының оқытушысы Кусаинова Г.М. бөлісті.

Семинарда қарастырылған сұрақтардың өзектілігі, ауқымдылығы қатысушылардың көңілінен шығып, осындай маңызды іс- шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған колледж директоры У. Оспанов пен директордың ОІЖ орынбасары А. Ескалиеваға алғыстарын білдірді.

Семинар соңында ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының әдіскері Утепова З.Ш. ұйымдастырушыларға алғыс хаттар, ал қатысушыларға сертификаттар табыстады.

Ескалиева А.С.

Статистика

  • 105996Всего посетителей:
  • 14Посетителей сегодня:
  • 94Посетителей вчера:
  • 1227Посетителей на прошлой неделе:
  • 4426Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.