Записи в категории История колледжа

Колледж тарихы

«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК

1

    Колледж миссиясы – Қазақстан Республикасының агротехникалық әлеуетін сақтау және дамыту, білім беру қызметінің ауылшаруашылығы саласындағы жоғарғы деңгейін ұстау, жоғарғы деңгейдегі теориялық білім  мен практикалық дағды алған, биік жеке тұлғалық қасиеті бар және  Қазақстанның экономикасы мен өндірістік әлеуетінің деңгейін көтеруге икемді,   бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Колледждің визиткалық карточкасы:

· «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК Қазақстан Республикасындағы байырғы оқу орындарының біріне саналады.   

· Құрылған жылы – 1945 ж.

· 2009ж.19 қаңтарында берілген  АБ  № 0067074 Мемлекеттік лицензиясы бар, әрекет ету мерзімі –шектелмеген.    

· Оқыту тілі: мемлекеттік және орыс тілінде

· Оқыту түрі: күндізгі және сырттай

· Білім деңгейі: орта кәсіби

·Оқушылар контингенті: күндізгі бөлім БКБ -73, ОКБ -232, сырттан оқу-105

Колледж тарихы

«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облысындағы  байырғы оқу орындарының бірі. Колледж  тарихы Қазақстан Компартиясының және атқару комитетінің  2 наурыздағы №330 қаулысы  және  Шығыс Қазақстан облыстық жер бөлімінің бұйрығы негізінде  Шығыс Қазақстан облыстық агро-мал шаруашылық мектебі болып  құрылған  1944 жылдан бастау  алады.

1945 жылы  агро – мал шаруашылық мектебі жойылып, соның негізінде Өскемен ауылшаруашылық техникумы ашылады.  Мектептен ол жарамсыз болуға айналған шағын қосалқы шаруашылықты,  аз мөлшердегі  әрі сынған жиһаздарды, 1000 дана әртүрлі кітабы бар кітапхананы және 50000 сом көлеміндегі дебиторлық қарызды мирас етеді. 

1945 жыл. Соғыстың соңғы жарылысы да аяқталды. Қалыпқа келтіру жұмыстары басталды, ауылшаруашылығын  дамыту және әрі қарай көтеру  алдыңғы  қатарлы міндеттер сапында болды. Ол үшін білікті мамандар қажет еді. Осы күннен бастап Өскемен ауылшаруашылық техникумы агроөндірістік кешендер үшін маман  кадрлар дайындайтын оқу орнына айналды.  

Техникумға студенттер қабылдау қыркүйек айының ортасынан ғана басталады, осыған қарамастан жоспарланған 90 адам  оқуға қабылданып, 1945 жылғы қазан айының 10 жұлдызынан бастап  оқу сабақтарына  кіріседі.

1953 жылдың тамыз айында техникум Аблекатка шағын ауданына көшіріледі. Бұл оқу орнының тарихындағы жаңа кезеңнің басы еді. Оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту және ауылшаруашылығындағы білікті  орта буын мамандарын дайындау үшін жаңа мамандықтар ашу  қажеттілігі туындады.

5

Біртіндеп оқу кабинеттері, спорт залы жабдықтала бастады, техникаға арналған ашық лапасы бар машина алаңы оқушылардың күшімен жоспарланды және салынды, корпустардың астыңғы қабаттарының бірінде асхана, шағын клуб ашылды.

4

Шағын мал фермасы, омартасы, көкөніс плантациясы бар  оқу шаруашылығы жұмыс істеді. 400 гектар  жерге қарақұмық, күнбағыс, картоп тәрізді дәнді дақылдар егіліп, өңделді.

3

Техникумда ауылшаруашылығын және орман шаруашылығын механикаландыру, зоотехния, агрономия, зооветеринария бөлімдері жұмыс істеді.

2

Техникумның жылыжай шаруашылығы

1973 жылы Өскемен ауылшаруашылық техникумы өзінің дамуының жаңа фазасына өтеді. Ауылшаруашылығы Министрілігінің 1972жылғы 22 қарашадағы бұйрығымен Өскемен совхоз-техникумының, Ленин атындағы колхоз жерінің бір бөлігінің, «Донское» кеңшарының, Шығыс Қазақстан мемлекеттік ауылшаруашылық  тәжірибе станциясының және Таврия ауданы Саратовка ауылындағы ескі шеберхана негізінде   «Шығыс Қазақстан совхоз-техникумы» құрылады.  

Республикада үлкен өзгерістер жүріп өтті, жаңа  заман, жаңа ағымдар бастау алды. Одан техникум да тыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің 1995жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығымен  «Шығыс Қазақстан совхоз-техникумы» «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК болып қайта аталды. Ал Шығыс Қазақстан облысының  әкімі В.Л.Меттенің 1999 жылғы 19 шілдедегі шешімімен Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің базасында кәсіптік – техникалық лицей ашылды.

6

Қазақстан  тәуелсіздік алған жылдары колледжде  ауылшаруашылығына қажетті жаңа мамандықтар ашылды.

Колледждің мақтанышы – оның түлектері. 65 жылда оның қабырғасынан ауылшаруашылық өндірісінің  кешеніне қажетті  20 мыңнан астам маман  түлеп ұшты.  Біздің түлектеріміз еңбек нарығында өз орнын тапқан мамандар санатында, себебі олар әртүрлі агроқұрылымдарда еңбек  етуде. Біздің  түлектеріміз колледжде алған білімдерімен шектеліп қана қоймай, еліміздің жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастырып, шеберліктерін шыңдауда.

Түлектерді  жұмысқа орналастыру

 Колледжді жыл сайын орта есеппен алғанда 70-80 адам бітіреді.

Жұмыспен қамту  мониторингі көрсеткендей, колледжді бітірген түлектердің 75%-ы  алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуда. Соңғы кездері  түлектердің өздері өндірістік тәжрибеден өткен агроқұрылымдарда  ары қарай еңбек жолын жалғастырулары үрдіс алуда.

Колледж бүгінде.

Өмір ағымының  жаңа  әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалыптасуы  педагогикалық ұжымның алдына жаңа міндеттер қойды. Материалдық-техникалық және  кадрлық  әлеует, ұжымның оңды  тәжірибелік педагогикалық және инновациялық қызметі  колледждің  дамудың жаңа  кезеңіне өтуін қамтамасыз етті. Бұл жағдай өз кезегінде колледж ұжымының алдына жаңа міндеттер қойды 

Бүгінгі күні колледж қабырғасында 410 оқушы білім алуда.  Оқушыларға  колледждің 42 педагогикалық қызметкері  дәріс береді, оның ішінде 1  педагогика ғылымдарының кандидаты,  3 магистр, 4  өндірістік оқу шебері, 4 зертханашы бар.  Оқытушылар ұжымы – бұл замана талабына сай келетін сапалы мамандар дайындауға қажетті  білім беру мен тәрбиелеудің ең қиын мәселелерін бірлесіп шешуге қабілетті ұжым.
      Бүгінгі күні біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр, олардың ең бастысы – агроөндірістік  салаға  қажетті мамандықтарды сақтау және дамыту, мамандар дайындау сапасы мен деңгейін көтеру.

Колледж мамандықтары:

   Оқу орнында төмендегі мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі:

13

Біздің колледжде студенттердің  мал дәрігерлігі мамандығы бойынша мемлекеттік тілде білім алуға мүмкіндіктері бар. Қазақ тілінде білім алатын студенттер саны жалпы студенттердің 19%  құрайды.

  Оралман қандастарымызды еңбекпен қамту жөніндегі Қазақстан Республикасының көші-қон және демография Агенттігі құрастырған және бекіткен жоспарға сәйкес, біздің колледж жыл сайын оралмандар отбасынан шыққан балаларды оқуға қабылдауды жүргізеді. Бүгінгі таңда колледжде 29 оқушы-оралман білім алуда.

Қазіргі заман ағымы мамандардың біліктілік деңгейіне жаңа талаптар қоюда. Сондықтан да, колледж ұжымы аймақтың қажеттілігін еске ала отырып, қазіргі замандағы экономикалық жағдайға бейімделген,  бәсекеге қабілетті мамандар дайындау  жолында қолдан келгеннің барлығын  жасауда. Қазіргі таңда білім берудің жаңа технологиясын енгізу жөнінде белсенді жұмыстар атқарылуда.

89

Колледждің  мықты  әдістемелік базасы бар.

Колледждің материалдық-техникалық ресурсы – бұл көлемі 9800 шаршы м. болатын оқу корпусы. Оқу корпусында  жабдықталған 45 оқу аудиториялары мен кабинеттері, 70 орынға арналған асхана, денсаулық сақтау пункті, спорт залы мен стадион, қітапхана мен 60 орындық  оқу залы, 220 орындық жатақхана бар.

127

Әлеуметтік әріптестік

Біздің колледждің әлеуметтік әріптестермен бірлесіп қызмет етуінің басты мақсаты –  нарықтық экономиканың бүгінгі және ертеңгі  талаптарына бейімделуге қабілетті  білікті мамандар дайындауға көмек көрсету.  Колледж әкімшілігі  тарапынан білікті кадрларды дайындауда  өзара тиімді әрекет ету   мақсатында  аймақтың  кәсіпорындарымен  тығыз байланыс орнатуда  ауқымды істер атқарылуда.  Жыл сайын  мамандарды кәсіби дайындауда  бірлесіп қызмет ету жөнінде  практика базасы болып табылатын кәсіпорындармен шарттарға қол қойылады, олар облыстағы және аудандағы  алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық кәсіпорындары :  «Восток» ЖШС  — басшысы Кужеп В.Г., «Багратион шаруа қожалығы» ЖШС — басшысы

 Воропай В.Г.,  «Дружба» шаруа қожалығы — басшысы Гладышев В.С., «Восток-молоко» корпорациясы — директоры Сайлаубаев С.Ж., «Иртыш» ЖШС  — директоры Барков А.Б.,  «Агро – БАМ» шаруа қожалығы – басшысы  Касенов Ж.Ж., «Солтанбек» — шаруа қожалығы — басшысы  Байсаков А.З.,  «Екимбаев и «К» шаруа қожалығы  — басшысы  Екимбаев Т.К.               

 Оқушылардың кәсіби тәжірибесі  жақсы деңгейде өтеді, оған  практиканттар жөнінде  практика базаларынан келіп түсіп жатқан  пікірлер  мен мінездемелер куә.

1011

Бүгінгі колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және ауылшаруашлығы үшін кадрларды дайындау жүйесін дамыту мәселелері бойынша үйлестіруші  орган болып табылатын техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және  агроөндірістік кешендер үшін  кадрларды дайындауға көмек көрсету мәселелері жөніндегі  Салалық Кеңестің қызмет ету орталығы.   

 

Статистика

  • 24997Всего посетителей:
  • 15Посетителей сегодня:
  • 47Посетителей вчера:
  • 294Посетителей на прошлой неделе:
  • 892Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.