Бірыңғай ашық сабағы өткізілді

2019 жылдың 29 қараша күні сағат 10.30-да «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» КМҚК оқытушылар мен студенттерге арнап қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында Ұлт көшбасшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабағы ұйымдастырылып өткізілді.

Ашық сабаққа колледждегі барлық оқытушылар мен студенттер қамтылды. Ашық сабақтың ашылуы Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды.

Шақырылған дәріскерлер ретінде Ұлан ауданы «Иртыш» ЖШС  директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Барков Анатолий Борисович қатысты.

Колледждің тарих пәнінің оқытушысы А.Қ.Алматова кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздік жолдарында қалыптасуы туралы мәліметтер беріп өтті. Н. Ә. Назарбаев туралы «Назарбаев. Live» деректі фильмі көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметі бойынша балаларға сұрақтар беріліп, еліміздің даму тарихына шолу жасалды.



Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарының м.а.                                                 Е. Абдрахманов          

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 28104Всего посетителей:
  • 18Посетителей сегодня:
  • 59Посетителей вчера:
  • 472Посетителей на прошлой неделе:
  • 18Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.