«Астанам – Нұр-Сұлтан!» акциясы

2019 жылдың 28 наурыз күні Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» бір топ студенттері Ұлан ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен Бозанбай аулындағы С.Мұқышев атындағы ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Астанам – Нұр-Сұлтан!» акциясына қатысты.

Акцияға қатысуға ұйтқы болған Ұлан аудандық әкімшілігінің мамандары бұл акцияның «2019 жыл – Жастар жылы» шараларына да қатысты екенін баса айтты. Себебі, аталмыш шараға ауданның оқу орындарының студенттері мен отыз жасқа дейін жұмыс жасап, қызмет атқаратын барлық жастары шақырылған.

-Жастар жылы ашылды. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жыл­­дарында көп жетістікке қол жет­кіз­дік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұ­рын­­ғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек.  Биыл ауылдағы жастардың кәсіпкер­лікпен айналысуына өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасалмақ. Ауыл – мемлекеттің тірегі, ұлтжандылық пен рухани күштің қайнар көзі.-дейді колледж жастарын аталмыш шараға қатыстыруға бастап барған алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ғани Әлайдаров.

-Бұл жылды елдегі жас буын өздерінің идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, білім мен ғылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті жаңа қоғам құруға атсалысуға арнайтын болады. Елімізде жастардың креативті, жаңаша ойлай білетін жаңа толқыны өсіп келе жатқанына сенімдімін!-деді акцияға қатысқан жастардың ойымен бөліскен колледждің ардагер ұстаздарының бірі Гүлмира Кокышева.

-Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі, патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.-дейді жастар жайлы өз пікірлерін ортаға салған акцияға қатысушы колледждің 3 курс  студенттері Балтабаев Тоқтарбек пен Қуаныш Алмат.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай деп тілейміз!

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 24881Всего посетителей:
  • 42Посетителей сегодня:
  • 23Посетителей вчера:
  • 287Посетителей на прошлой неделе:
  • 776Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.