Тренингтің мақсаты: студенттердің бойына жағымды көңіл-күй қалыптастыра келе студенттер арасындағы қарым-қытынасты жақсарту. Лидерлік қасиеттері бар студенттерді анықтау, өз-өзіне, басқаларға деген сенімділіктерін арттыру, күйзеліс жағдайынан арылу.
Өту барысы:1. «Боксер» ойыны, 2. «Нысананы көздеу» ойыны, 3. «Су толтыру» жаттығуы, 4. «Логикалық сұрақтар», 5. «Суреттерді аяқта» жаттығуы, 6. «Уақытқа пирамида жинау» ойыны, 7. «Бірлік» ойыны ойнатылды.
Тренинг жарыс түрінде өтті. Студенттерге әділ бағасын берген әділ — қазылар: Ахметов А.Н., Иманғали А.А., Серікбаева Л.С. Жеңген топ студенттері медальмен марапатталып, барлық қатысушы топтарға тәтті торт тарту етілді.
Қорытынды: іс-шара қызықты өтті. Студенттер белсенділік танытып, қызығушылықпен ат салысып әр жаттығуға қатысты. Студенттер өздеріне берілген сұрақтарды, жаттығуларды мұқият тыңдап, дұрыс және тез жауап беруге тырысты. Әр ойын кезінде өздерінің бірліктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетті.