Специальности

risunok14 risunok151513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алушы студенттер, болашақта, 21-ғасырдың жоғарғы біліктілікті, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандары.

«Ветеринария» мамандығы бойынша  колледж оқушылары төмендегі біліктілікке ие болады:

  • Ветеринарлық фельдшер

9-сынып базасында оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай

11-сынып базасында оқу мерзімі -2 жыл 10 ай.

  • Ветеринарлық техник

9-сынып базасында оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай

11-сынып базасында оқу мерзімі -2 жыл 10 ай.

 

Ауылшаруашылық кәсіпорындарында, жылқы зауыттарында, аңфермаларында, құс фабрикаларында және басқа жерлерде ветериннарлық фельдшер аса қажетті адам. Ол ауылшаруашылық малдарына, үй жануарларына, цирктегі және зообақтағы жан-жануарларға ветеринарлық көмек көрсетеді. Өзінің білімі мен біліктілігін қолданатын негізгі сала – мал шаруашылығы саласы (жылқылар мен сиырлардан бастап, балықтар мен араларға  дейін), ол ауылшаруашылық малдарының ауруының  және өлім-жітімінің алдын алады, өнімділігін арттырады, тұрғындарды жоғарғы сапалы ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді, оларды адамдар мен малдарға тән аурулардан қорғайды.

 

1502000 «Агрономия» мамандығы

Біліктілік 1502033 «Агроном»

9 сынып негізінде оқу мерзімі -3 жыл 10 ай

11-сынып негізінде оқу мерзімі  -2 жыл 10 ай

       Агроном – ауылдағы басты тұлғалрдың бірі. Оның негізні міндеті – ауылшаруашылық өндірісін жетілдіру, механизаторлардың  және басқа да жұмысшылардың  еңбегіне  басшылық  жасау. Арнайы біліммен қаруланған агроном,  өсімдіктердің қалай дамып келе жатқанын, ненің жетіспей тұрғанын, топырақтағы өзгерістерді  өзегелерге қарағанда жақсы біледі.  Ол -ғылым мен ауылшаруашылық өндірісінің арасындағы байланыстың ұйтқысы, еңбек технологиясын анықтап, оны ұйымдастырады. Ол әртүрлі факторлардың (жылудың, ылғалдың, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың, жұмыстарды жүргізу уақытының, топырақты өңдеудің және т.б. әсерін) ауылшаруашылық дақылдарының өніміне  әсерін  бақылайды және тексереді. Агроном жаңа технолоияларды тексеруді, өсімдіктердің сұрыптары мен оны өңдеуді жүргізеді.

       1510000 «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы          

       Біліктілік «Техник-механик»

       9 сынып негізінде оқу мерзімі -3 жыл 10 ай

       11-сынып негізінде оқу мерзімі  -2 жыл 10 ай

     Өндірістің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың белгілі бір бөлігінде технологиялық режимнің сақталуын қаматамасыз ете отырып, өндірістік процесті ұйымдастырады.  Жабдықтарды, жарақтарды, кесуші және өлшешуі құралдарды таңдайды және пайдаланады, металл кескіш станоктардың жұмысын реттейді және жөнге келтіреді. Металл өңдегіш станоктар мен автоматты желілерді жинау және механикалық өңдеу  технологиялық процесстеріне құжаттар дайындайды. Жоспарлы жұмыстардың орындалуын есепке алады және цехта шығарылатын өнімнің сапасына бақылау жасайды.

 

Мамандығы: «Фермер шаруашылығы»

Біліктілігі : «Ауылшаруашылық өндірісінің трактор жүргізушісі,  «В»,»С»санаттағы  жүргізуші.

Оқу мерзімі: 2 ж. 10 ай.

Ең  ақпараттанған,тіпті кез– келген қоғамда  нан өсіру ғылымы ең маңызды ғылымдардың бірі болып қала береді. Сондықтан бұл кәсіп әрқашан сұранысқа ие. Осы саланың маманы  тракторларды, автомобильдерді, ауыл шаруашылық  және көлік агрегаттарын, машиналарды басқарады; орындалатын  механикаландырылған жұмыстардың агротехникалық  талаптарын біледі, агрономия негіздері бойынша білімді меңгереді; техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді, техниканы ағымдағы жөндеу,  қозғалтқыштардың жүйелерін және механизмдерін реттеу мен баптауды,  машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде ақауларды анықтайды және жояды,  біліктілігі анағұрлым жоғары мамандардың басшылығымен  жөнделген жабдықтың пайдалану сипаттамаларына сәйкестігін тексереді. Мамандық техникаға қызығушылықты, ұқыптылықты, орындаушылық тәртіпті,  төзімділікті, жауапкершілікті талап етеді.

Өндірістік практиканы студенттер  колледждің оқу шаруашылығында  (жалпы алаңы-960 га, оның ішінде егістік жерлері– 540 га) және шарттар негізінде Глубокое ауданының шаруа қожалықтарында  өтеді, практика төленеді.

Жұмыспен қамту. Осы мамандық бойынша колледж түлектері жұмысқа орналаса алады:

  • Шаруа қожалықтарында а/ш өндірісінің  трактор–жүргізушісі;
  • Қызмет көрсету саласының өндірістік кәсіпорындарында тракторшы;
  • Қызмет көрсету саласының кәсіпорындарында, а/ш кәсіпорындарында, өнеркәсіптерде  «В», «С» санатты жүргізуші;
  • ТҚКС ,өнеркәсіптерде, а/ш кәсіпорындарында , қызмет көрсету саласының кәсіпорындарында  слесарь–жөндеуші;
  • Өз бизнесін ашу.

Колледждің материалдық базасы, білікті инженерлі-педагогикалық ұжым  осы мамандық бойынша мамандарды даярлауға толығымен сәйкес келеді. Ал кәсіби байқауларға қатысудың нәтижелері:

2008 ж.

 “Үздік механизатор” облыстық байқауында 1-інші орын.

“Үздік механизатор” республикалық  байқауында 2-нші орын.

2012 ж.

 “Үздік жүргізуші”  “Жеңіл автомобильдерде жоғары жылдамдықты маневр жасау ” номинациясы бойынша халықаралық байқауда 1 –інші орын.

2013 ж.

“Үздік жүргізуші”  “Жеңіл автомобильдерде жоғары  жылдамдықты маневр жасау ” номинациясы бойынша халықаралық байқауда 1 –інші орын.

Мамандығы  «Фермер шаруашылығы»

Біліктілігі  «Аспаз»

Оқу мерзімі: 2 ж. 10 ай.

  Қоғамдық  тамақтандыру маманы білуі қажет:тамақ өнімдерін жіктеу мен стандарттауды,күрделілігі әртүрлі аспаздық өнімдердің дайындау технологиясын,  калькуляцияны жасауды, жаңа тағамдардың рецептерін жасауды,барлық мәзір түрлерін жасауды. Аспаз  көкөністер мен жеміс–жидектерді күрделі пішінді турау фигуралары бойынша дағдылары ,тағамдарды безендіру, көкөністер мен жеміс–жидектерден композиция құрастыруды, үстелді жабдықтау ережелері мен тәсілдерін, тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету.

Аспаз мамандығының үлкен әлеуметтік мазмұны бар:дәмді, салауатты тамақтану отбасын біріктіреді,оны одан әрі берік етеді.

“Аспаз” біліктілігі бойынша  оқитын студенттердің өндірістік практикасы- 100% төленеді–Өскемен қаласы,Глубокое ауданы,Белоусовка кенті қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыспен қамту. Осы мамандық бойынша колледж түлектері жұмысқа орналаса алады:

  • Туристік бизнес,қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында аспаз;
  • Дәмхана мен мейрамханаларда даяшы,азық– түлік дүкендерінде сатушы;
  •  Өз бизнесін ашу;

Мамандық ұқыптылықты, жауапкершілікті, өз ісіне шығармашылықпен қарауды, адалдықты, еңбекқорлықты, көркемдік талғамдылықты ,төзімділікті, сыпайылықты ұсынады.Аспаздық–адамның ең ежелгі істерінің бірі.Қазіргі кезде адамзат өмірдің кез–келген саласының сапасына, кемеліне ұмтылады.Жақсы аспаз–дәрігерге ұқсайды.Біздің ұранымыз: «Дәмді дайындау, ұзақ және бақытты өмір сүру!»

Мамандығы: “Дәнекерлеу ісі”

Біліктілігі: “Электргазбендәнекерлеуші, “В”санаттағы  жүргізуші

Оқу мерзімі: 2 ж. 10 ай.

Дәнекерлеу ісінің маманы электртехника және материалтану негіздерін біледі, қолмен доғалы және газбен пісіру үшін дәнекерлеу материалдары мен металл таңдауды жүзеге асырады,  металлды электр доғамен және газбен кесуді жүзеге асырады; техникалық сызу бойынша білімді болу;  дәнекерлеу өндірісінің технологиялық процесінің картасын жасау;  дәнекерлеудің  жаңа тәсілдерін меңгереді, дәнекерленген жіктері мен қосқыштары, жаңа дәнекерлеу машиналары, әр түрлі жағдайларда конструкциялық материалдарды дәнекерлеудің әртүрлі ерекшеліктерін. Дәнекерлеуші саябақ құрылыстарын, үй–жайды, құрылыстарды ,ғимараттарды безендіру кезінде өзінің техникалық және көркемдік қабілеттерін көрсете алады.

“Электргазбендәнекерлеуші” мамандығы техникалық ақыл-ой жүйесін, зейінділік, ұқыптылық, жауапкершілік, салауатты өмір салтының дағдыларын,  төзімділік, жақсы жады мен интеллектіні ұсынады . Физика, химия, қоршаған ортаны қорғау, технология алу және қара, түсті металдарды өңдеу салаларында білімді қажет етеді.

Өндірістік практикадан өту Өскемен қаласы мен Глубокое ауданының қызмет көрсету кәсіпорындарында, а/ш кәсіпорындарында, өндірістерде жүзеге асырылады.Практика негізінен, төленеді.

«Электргазбендәнекерлеуші» біліктілігі бойынша колледж түлектері жұмысқа орналаса алады:

  • Өнеркәсіптерде,а/ш кәсіпорындарында,қызмет көрсету саласында, ТҚКС, құрылыс компанияларында электргазбендәнекерлеуші; 
  • Өнеркәсіптерде,а/ш кәсіпорындарында,қызмет көрсету саласында  жеңіл автокөлік жүргізушісі;
  • өз бизнесін ашу.

«Электргазбендәнекерлеуші»біліктілігі бойынша оқу–өндірістік қызметінің нәтижелері:

2013 ж.

 «Үздік дәнекерлеуші»облыстық байқауында 1-інші орын.

«Үздік дәнекерлеуші»халықаралық байқауында 1-інші орын.

2014 ж.

 «Үздік дәнекерлеуші»облыстық байқауында 2-нші орын.

 «Үздік дәнекерлеуші» ө/о шеберлерінің арасында өткен облыстық байқауда 1-інші орын.

«Үздік дәнекерлеуші» ө/о шеберлері мен студенттер арасында өткен халықаралық байқауда 1-інші орын.

2015 ж.

Облыстық кәсіби шеберлік байқауында 1-інші орын

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік өндірістік оқыту шебері»

 

 

Мамандығы  «Ауылшаруашылығын механикаландыру»

Біліктілігі  «Техник-механик»  «В» және «С» санаттағы жүргізуші

Механик- бұл жабдықтар мен машиналарды жөндеп және қызмет көрсетумен айналысатын маман. 

Техник-механик ауылшаруашылық өндірісі мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының учаскелерінде өндірістік процесті ұйымдастырады, технологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді,жабдықты таңдайды және пайдаланады, құрал-саймандар,олардың жұмыс істеудегі ақауларын ескертеді, оларды жұмысқа ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді, жөндеу және техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу базасын құрайды, технологиялық құжаттаманы жасайды. Мамандық техникаға  қызығушылық, жақсы ақыл, жақсы есте сақтау, зейінділік , төзімділік, жауапкершілік,бейімділік, ұйымдастырушылық қабілетін ұсынады. Бұл еңбек нарығында ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

    Осы мамандық бойынша студенттерді оқыту үшін «Глубокое аграрлық колледжі»КММ  жақсы материалдық базасы  мен  білікті инженерлі-педагогикалық ұжымы бар. 

Жеке шарттар негізінде шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту жүзеге асырылады.

Практика төленеді.

Жұмысқа орналастыру: осы мамандық бойынша 2015 жылы бітіруші түлектер жұмысқа орналаса алады:

 ТҚКС, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік кәсіпорындарында Техник-механик ;

Қызмет көрсету саласы мен ауылшаруашылық және өнеркәсіптік кәсіпорындарда   «В», «С»санаттағы жүргізуші;

Қызмет көрсету саласы мен а/ш және өнеркәсіптік кәсіпорындарда   Слесарь-жөндеуші ;

 а/ш кәсіпорындарының ауылшаруашылық өндірісінде Трактор жүргізушісі.

 Қызмет көрсету саласы  өнеркәсіптік кәсіпорындарда   Тракторшы 

     Осы мамандық бойынша (комерциялық негізде)сырттай оқу бар:

  •    11 сынып негізінде оқу мерзімі 2ж.6ай.
  •   Бастауыш кәсіптік білім негізінде 1 ж. 6 ай.

Статистика

  • 107611Всего посетителей:
  • 21Посетителей сегодня:
  • 95Посетителей вчера:
  • 482Посетителей на прошлой неделе:
  • 1358Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.