Posts in category Новости

Екі жұлдыз» ән-байқау сайысының І кезеңі өткізілді

2019 жылдың 7 қараша күні «Шығыс Қазақстан ауылшараушылық колледжінің» «Мұрагер» ұйымының жетекшілігімен «Екі жұлдыз» ән-байқау сайысының І кезеңі өткізілді.

«Екі жұлдыз» ән сайысының ережелері бойынша сайысқа әрбір топтан міндетті түрде бір жұптан шығуы керек болатын. Олар екі студент немесе кураторы мен студент бола алды. Өз қалауымен қатысамын деушілерге де рұқсат берілді. Кез-келген студент немесе оқытушысымен шығуға болды.

Сайыстың бірінші кезеңде еркін тақырыптағы әндер шырқалды. Келесі 13 қарашада болатын ІІ кезеңде патриоттық әндер, ал 21 қарашадағы ІІІ кезеңде Хәкім-Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты Ұлы ақынның әндері ғана орындалады.

Жалпы бұл сайыстың  мақсаты – дарынды студенттерді анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту.

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауында колледждің өнерлі жастары додаға түсті.

Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағы жанып, бабы келіскен жастардың арасында Қыдырәлі мен Рустем, Жұлдызай мен Алина, Жанерке мен Айнұр, Нұрғиса мен Өрен, Ризабек пен топ жетекшісі Қарлығаш Мамырқызы, Тілеугүл мен Ләйлә, Азамат пен Әділ және Қуантай мен Құралай болды.

Оларға төрелік жасағандар әнші, музыка пәнінің мұғалімі Тансықпаев Ержан, колледждің оқу бөлімінің қызметкері Тусупова Фаузия мен тарих пәнінің оқытушысы Алматова Алмагүл болды.

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша Нұрғиса мен Өрен жарыс жолынан шығып қалды. Алда арпалысқа толы доданың күтіп тұрғаны анық! Көрермен көруге асығыңыз!

Арсен Ахметов Колледждің 3 курс студенті

Батыл Бекжан

Кез-келген ер-азаматтың ерлік жасағысы келетін шығар. Дегенмен, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Ұлан ауданының Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» 4-ші курс студенті Серікбаев Бекжан да ешқашан ерлік жасаймын деп ойлаған жоқ.

Сол күні ел орынға отырып, төңіректі қараңғылық басқан кезде Бекжан «Арзан» сауда орталығынан сауда-саттық жасап, әпкесінің үйіне кіріп шықпақшы болды. Сауда орнына жақындаған сәтте айнала қаптаған жаңадан салынған көп қабатты үйлерді көріп тамсанып келе жатты. Жан-жақтан жарық шашқан электр бағаналарының шамдары айналаны әсемдікке бөлеп тұрды. Төменгі қабаттан жоғары қабатқа көз жүгірте қызыға қараған Бекжан тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатындағы балконда бір аяғын далаға салақтата өкси жылаған қызды көзді шалды. Жердегі құйма-құйма болып жатқан ірі цементтерге құласа қыздың тек қана қалдығы қалатынын ойлағанда өне бойы мұздап сала берді. Өйткені, өз-өзіне қол жұмсамақ ниеттегі қыздың әрекеті қайғылы оқиғаға соқтырарын білді. Дереу подъездге жүгірді. Абырой болғанда есік те ашық және лифт те жұмыс істеп тұр екен. Сегізінші қабатқа көтерілген Бекжан есігі шалқақтата ашылған шеттегі пәтерге көзі түсті. Жанталаса ішіне енгенде, балконда нәзік қолдарымен ілініп,  екі көзі қанталай ісіп жылаған қызды көрді де қолынан шап беріп ұстай алды. Қыз қарсыласа өмірден баз кешкенін аңғартып, төменге салбырай түсті. Тер мен жас сіңген қыздың қолы сырғанақтап Бекжанның уысынан шығып бара жатты. Осы кезде Бекжан нар тәуекелге басып қызды өзіне жұлқи тартып көтерді де, беліне таман қапсыра ұстады. Ақырындап көтере ішке кіргізе бастағанда, екеуінің апыл-ғұпыл алысқандарын естіген көрші-қолаң мен басқа адамдар жетіп үлгерді. Осылайша, бұл өмірдің қиындығын өз-өзіне қол жұмсап қана шешуге болады деп ұққан біреудің құлыны, балапаны, асылы мен арманы болған бойжеткен қызды өлім аузынан алып қалды.

-Мен өзімді ерлік жасадым деп айта алмаймын. Менің жасаған әрекетім әрбір азаматтың ісі деп білемін. Әкем Жанболат пен анам Жұлдыз адам баласына қамқорлықпен қарап, мейрімділік таныт деп айтып отырады. Қолыңнан келсе, көмегіңді аяма дейтін. Сондықтан, ата-анамның ізгілікті тәрбиесін орындап, бір кісінің өмірін сақтап қалғаныма өзім да разымын-дейді ағынан жарылған Бекжан.

Өмірдің өрі, шатқалы мен ауыртпалығы Бекжан сынды азаматтар тұрғанда білінбес. Олар ата-бабаның салтына берік, өзінің емес, өзгенің қамы үшін «отан үшін отқа түсіп» елдің ертеңі үшін лайықты еңбек етіп, тәуелсіз жеріміздің тірегі боларына нық сенімдіміз.

Ернар Байбатыров

Саратовка ауылы

Тағлымы зор семинар

2019 жылдың 23 қазан күніШығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында арнайы пән  оқытушыларының инновациялық қызметі және оның білім сапасы мен оқу  мотивациясына әсері» тақырыбында ШҚО ТжКБ оқу орындарының директорларының оқу ісі бойынша  орынбасараларына арналған  облыстық семинар өткізілді. ШарағаШҚО Білім Басқармасының, ШҚО КБ  орталығының өкілдері,ТжКБ оқу орындары жүйесі директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарда ТжКБ жүйесін жаңғырту жағдайында мамандарды кәсіби даярлаудың негізгі мәселелері қарастырылып,

Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің  жұмыс тәжірибесі таныстырылды және «Worldskills» стандарттарына сәйкес арнайы пәндер оқытушыларының инновациялық қызметі мен жаңғырту мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасылды.

Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, арнайы пән оқытушылары даярлаған шеберлік сағаттарын тамашалады. Атап айтқанда, «ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандықтарында оқитын студенттердің «Тракторлар мен автомобильдер» пәні бойынша «Электрлік өлшемдер» автомобиль аккумуляторларының іске жарамдығын анықтаса, «Ветеринария» мамандығының студенттері хирургиялық операциялар мен мал өнімдерінің сапасының стандартқа сәйкестігін анықтаудың тәсілдерін көрсетті.

Семинардың теориялық бөлімі колледждің конференц-залында «Дөңгелек үстел» форматында жалғасын тапты. Дөңгелек үстел барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ескалиева Әлия Солтанқызы колледждің бүгінгі күнгі жағдайы, даму барысы, келешегі және жетістіктері мен өзекті проблемалары туралы хабарлама жасады.

Колледждің әдістемелік жұмысы, оқытушылардың инновациялық педтехнологиялар мен оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану – студенттердің білім сапасын және білім мотивациясын арттыруға әсері жайлы колледж әдіскері Кабдуалиева А.С. мен ветеринария мамандығының оқытушысы Кусаинова Г.М. бөлісті.

Семинарда қарастырылған сұрақтардың өзектілігі, ауқымдылығы қатысушылардың көңілінен шығып, осындай маңызды іс- шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған колледж директоры У. Оспанов пен директордың ОІЖ орынбасары А. Ескалиеваға алғыстарын білдірді.

Семинар соңында ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының әдіскері Утепова З.Ш. ұйымдастырушыларға алғыс хаттар, ал қатысушыларға сертификаттар табыстады.

Ескалиева А.С.

Вакансия

Конкурс на вакантные должности

«Жас маман – 2019» кеші өтті

«Жас маман – 2019» кеші өтті

Ұлан ауданының Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан аулышаруашылық колледжінде» бітіруші студенттерге диплом тапсыру рәсімі – «Жас маман – 2019» кеші болып өтті.

Аталмыш шараға Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО Кәсіби білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Ләззат Кездікбаева және бір топ әлеуметтік серіктестік басшылары қатысты.

-Сіздер қанат қағып биікке самғаған құс сияқтысыздар. Алдағы уақытта сіздерден ел үміт артады. Елдің өнеркәсібін дамытып, экономиксына елеулі үлес қосатын қазіргі жастар. Биыл Жастар жылы аталып, елдің болашағына сенім күшін жүктейтін жастарға, әсіресе, студеттерге халық та, отбасыларыңызда үміт артады деп ойлаймын. Өмірде де, еңбекте жолдарыңыз болсын!-деді диплом тапсырып жастарға құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Нұрымбет Аманұлы.

-Біздің студенттеріміз биыл бірнеше рет «World skills Kazahstan – 2019» өңірлік чемпионатына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Әсіресе, облыстағы ветеринария саласының білікті де мығым екенін бірнеше сайыста көрсеткен 4 курс студенті Асқарбек Тоғжан мен Төребеков Бекболатты және 3 курс студенті Базар Жансаяны мақтанышпен атап, өзгелерге үлгі етеміз. Біздің студенттеріміз білімі мен біліктілігін танытып, басқа оқу орындары арасында биік беделге ие болды.-деді құрметті қонақтар мен колледж ұжымының алдында сөз алған колледж директоры Оралбек Оспанов.

Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Кәсіби білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Ләззат Кездікбаева колледжді үздік бітірген он бір студентке қызыл дипломдарын табыс етті.

Олардың арасында 4 ВКС тобының студенттері «World skills Kazahstan – 2019» өңірлік чемпионатында он алты облыс ішінде жоғары оқу орындарымен сайыста ерекше өнер көрсетіп «Ветеринария» құзіреттілігі бойынша І орын иеленген Асқарбек Тоғжан, «World skills Kazahstan – 2019» сайыстарының жүлдегері Әшіралиева Ақбілек, Жайшылықова Назерке, Әбди Меруерт, Әмзе Айдана және Жақияева Жауқазын сынды студенттер болды.

Сонымен қатар, диплом тапсыру рәсіміне арнайы шақырылған колледждің әлеуметтік серіктестері атынан Степан Гладышев, Қуаныш Раисов және Жасұлан Қадырбаевтар да жастарға сәттілік тіледі.

Олардың қолдарынан диплом алған жастардың қатарында «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауының «Ветеринария» мамандығы бойынша ІІ орын иегері, «World skills Kazahstan – 2019» аймақтық чемпионатының «Үздік терапевт» номинациясының иегері Төребеков Бекболат және Бисали Бағлан,  Жаңабай Еркебұлан, Қуанышбек Ержан сынды студенттер болды.

Колледждің намысын талай жерде абыроймен қорғаған студенттерге колледж директорының атынан арнайы сыйлықтар ретінде ноутбук, ұялы телефон және тағы басқа өмірлеріне қажетті заттар табыс етілді.

Сондай-ақ колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысқан студенттер мен олардың тәрбиесіне зор үлес қосқан оқытушылар да құрмет грамоталарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтсақ, 2019 жылдың «Үздік топ жетекшісі» номинациясы бойынша 4 ВКС тобының жетекшісі Ғани Әлайдаров марапатталаса,  «Белсенді студент» номинациясы бойынша, Мұқанова Әсем, Мұхтарова Назерке, Өмірзақ Ақерке, Әуелбекұлы Нұрғиса және Шамша Бекарыс сынды студенттер марапатталды.

Шараның соңынан бітіруші студенттер түлектер «Түлектер вальсін» билеп, көркемөнерпаздардың концерті тамашаланды.

15.05.19ж күні колледж жатақханасында студенттерге арнап «Көңілдіге күн ашық» атты трениг өтті.

Тренингтің мақсаты: студенттердің бойына жағымды көңіл-күй қалыптастыра келе студенттер арасындағы қарым-қытынасты жақсарту. Лидерлік қасиеттері бар студенттерді  анықтау, өз-өзіне, басқаларға деген сенімділіктерін арттыру, күйзеліс жағдайынан арылу.

         Өту барысы:1. «Боксер» ойыны, 2. «Нысананы көздеу» ойыны, 3.  «Су толтыру» жаттығуы, 4. «Логикалық сұрақтар», 5. «Суреттерді аяқта» жаттығуы, 6. «Уақытқа пирамида жинау» ойыны, 7. «Бірлік» ойыны ойнатылды. 

         Тренинг жарыс түрінде өтті. Студенттерге әділ бағасын берген әділ – қазылар: Ахметов А.Н., Иманғали А.А., Серікбаева Л.С. Жеңген топ студенттері медальмен марапатталып, барлық қатысушы топтарға тәтті торт тарту етілді.

         Қорытынды: іс-шара қызықты өтті. Студенттер белсенділік танытып, қызығушылықпен ат салысып әр жаттығуға қатысты.  Студенттер өздеріне берілген сұрақтарды, жаттығуларды мұқият тыңдап, дұрыс және тез жауап беруге тырысты. Әр ойын кезінде өздерінің бірліктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетті.

Ауылшаруашылық мамандарының кәсіптік шеберлік сайысы өтті

Қазіргі таңда ел жастары жұмысшы мамандықтарға бет бұра бастады. Құрылысшы, аспаз,  шаштараз, слесарь сынды кәсіптен нәпәқасын тапқандардың саны артып келеді. Кәсіби-техникалық білім алуға талпынған жас буынның да қатары көбеюде.

2019 жылдың 13-17 мамыр күндері аралығында Өскемен қаласында алғаш рет ауылшаруашылық мамандықтары мен ауылшаруашылық машиналарын жөндеуші-слесарь және ветеринария құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Shygys – 2019» ІV аймақтық чемпионаты болып өтті. Онда жұмысшы мамандықтарының қыр-сыры мен шеберлігі бойынша 43 құзіреттілік бойынша 240 қатысушы біліктіліктерін бақтарын сынады.

Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»  «WorldSkills Shygys – 2019» кәсіптік шеберлік сайысының аймақтық чемпионатына алғаш қатысып отыр.

Ветеринария құзіреттілігі бойынша 3 модульде сайыс өтті. Алғашқы сайыс «Микробиология» пәнінен «Грамм әдісі» бойынша бояу болса, екінші тапсырма «Микроорганизмдерді қоректік ортаға қайта себу» болды.

Екінші модуль екі пәннен тұрды. «Хирургия» пәнінен бір қабатты және екі қабатты тігістерді салу, тренажер симулятор-аяққа орау әдістерін салу болды. Ал «Акушерлік іс» пәнінен патологиялық тууға көмек көрсету және ірі қара малдың спермасын еріту және оның сапасын анықтау әдістерінің шеберлігі болды.

Үшінші күнгі сайыс қояндарға «Клиникалық диагностика» жүргізу туры өтті. Сайысқа қатысушы конкурсанттар өздерінің тероиялық білімдерін практика жүзінде шеберлікпен көрсету мүмкіндіктерін барынша қолдана білді. Конкурсқа қатысушы әрбір кокурсант өздеріне берілген тапсырмаларға барынша белсене қатысты.

Конкурстың шешуші кезеңі де келіп жетті. Бірінші орынға, яғни алтын медаль иегері  «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» студенті Асқарбек Тоғжан өзінің білімділігі мен біліктілігін көрсетіп, сайыстың биік шыңына шықса, Семейдің «Агробизнес және экономика» колледжінің студенті күміс жүлде, Жарма «Технологиялық колледжінің» түлегі Тусупханов Нұрлан үшінші орынды місе тұтты.

Қорыта айтқанда, «WorldSkills Shygys – 2019» ІV аймақтық чемпионаты жұмысшы мамандық елімізде сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті маман даярлауда жоғары дәрежеде екенін айқындады. Демек, басқа мамадықтармен қатар, ауылшаруашылық маман иелері де әлемдік деңгейде өз біліктіліктерімен сайысқа аянбай кірісетіндіктерін байқатты.

Аталған конкурсты ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру Басқармасы сайыстың өте жоғары деңгейде өтуін бүге-шігесіне дейін қарастырып, барлық керекті материалдық жарақтарымен қамтамасыз етті. Ақтық сынға нағыз білімді, нағыз білікті республикалық сайыста өз облысымыздың намысын қорғайтын жас мамандарды таңдауға мейлінше көмек көрсетті.


«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» оқытушысы

Гульбахрам Уалиева  

Ұлттар достығы мерекесі аталып өтті

2019 жылдың 29 сәуір күні Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтті.

-Кейбір деректерге қарағанда, әлемде  256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймыз!-деді колледж алдында ұйымдастырылған мерекелік шарада жиналған көпшілікке арнап сөз алған колледж директоры Оралбек Оспанов.

-Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары. Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда, өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз.-деді ел мен жер, ұлттар мен ұлыстар туралы сыр ақтарған колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ерасыл Шәріпханов.

Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір-бірінің салт-дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!

Қарағанды облысында өткен «Worldskills Қазақстан – 2019» өңірлік чемпионатының жеңімпазы атандық

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі 2019 жылдың 15-17 сәуір аралығында Қарағанды облысы Абай ауданының Абай көпсалалы колледжінде «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша өткен «Worldskills Қазақстан  – 2019» өңірлік чемпионатына белсене қатысып, жоғары теориялық білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.  Атап айтқанда, колледжіміздің 3 курс студенті- Базар Жансая үздік атанып, 1- дәрежелі дипломмен марапатталса, 4 курс студенті Әшірәлиева Ақбілек 2- дәрежелі дипломға ие болды. 

Чемпионатқа Қазақстанның 6 облысы: Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының 6 колледжінен барлығы 18 сайыскер қатысты.

Сайыс 3 модульден құрылды.  1-ші модульде ауылшаруашылық малдарының өнімдеріне ветеринарлық санитарлық сараптама, яғни люминоскоп, овоскоп, трихинеллоскоптарды пайдалана отырып ет, сүт, май, балық өнімдеріне сараптама жасау талап етілсе, 2 модульде ірі қара малының қарыны мен терісіне хирургиялық тігістер салу және 3 модульде ірі қара малына клиникалық диагностика жүргізу жүктелді. Берілген тапсырмаларды барлығын дұрыс орындап, кәсіби шеберліктерін көрсеткен біздің колледж студенттері Базар Ж., Әшірәлиева А. тәуелсіз эксперттер мен эксперт- компатриоттардың ерекше ықыласына бөленді.

Статистика

  • 11130Всего посетителей:
  • 25Посетителей сегодня:
  • 21Посетителей вчера:
  • 214Посетителей на прошлой неделе:
  • 378Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.