Көңілділер мен тапқырлар сайысы

2019 жылдың 17 сәуір күні «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» «2019 жыл – Жастар жылы» аясында колледждің жас мамандары мен студеттер арасында «Студент Lift» тақырыбында «Көңілділер мен тапқырлар алаңы» сайысы болып өтті. Аталмыш сайысты колледж психологы Айнұр Ахметова мен оқытушы жас маман Айжан Қилымбек ұйымдастырды.

КТА жарысының мақсаты – студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға, жастарды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. Сонымен қатар, студенттер арасында жағымды қарым-қатынас орнатып, қызықты әзілдерді ойнау арқылы өнерге қызығушылығын арттыру.

         «Көңілділер мен тапқырлар алаңы» сайысы үш кезеңнен тұрды. 1 кезең – «Сәлемдесу». Берілген уақыт: 3-5 минут. Бұл кезеңде қатысушылар өз тобын әзіл мен өнерді ұштастыра таныстырып өтті.  2 кезең – «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде барлық қатысушылар ортаға шақырылды. Зал арасынан кез-келген сұрақ қойылып, қатысушылар  оған 1 минут ішінде әзіл арқылы жауап берді. 3 кезең – «Үй тапсырмасы» Ортақ тақырып: «Студент Life»  берілген уақыт 5-7 минут. Студенттік өмірге байланысты қызықты әзілдер, көріністер көрсетілді.

-Сабақтан тыс іс-шара тиімді өткізілді. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Жүлдері орындарға грамота мен сыйақы, мадақтамалар табысталады. Студенттер қызығушылықпен қатысып, өздерін еркін түрде ұстап, өз өнерлерін көрсете білді.-деді әділ қазылар алқасының төрағасы болып сайысты қорытындылаған колледж директорының орынбасары Асқар Шинтемиров.

-Уақыт үнемді пайдаланып, іс-шараға қойылған мақсаттарға жетті. Алдағы уақытта  «2019 жыл – Жастар жылы» аясында атқарылатын оқудан тыс шараларды жиірек өткізуге күш салатын боламыз-дейді өз ойын ортаға салған сайысты ұйымдастырушы колледж психологы Айнұр Ахметова мен оқытушы Айжан Қилымбек.

Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша, 1 орынды 3 ВКС тобының өнерпаздары қанжығаларына байлады. Ал 2 орынды 2 ВКС тобының жастары еншілесе, 3 орынды 1 С тобының өнерлі жастары місе тұтты.


 

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 82153Всего посетителей:
  • 83Посетителей сегодня:
  • 90Посетителей вчера:
  • 769Посетителей на прошлой неделе:
  • 8580Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.