«Дала жұлдызы» атты Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған атты әдеби сазды кештің өтілуі бойынша қорытынды
Әдеби сазды кеш 2017 жылдың 13 ақпанында колледжде жалпы білім беретін экономикалық әлеуметтік пәндердің онкүндік жоспарына сәйкес өткізілді. Әдеби сазды кешке барлық топ жетекшілер, колледж студенттері, пән оқытушылары қатысты. Кеш 3 бөлімнен тұрды. Кеште Ыбырай Алтынсариннің шығармашылыға байланысты – өлеңдері, Ыбырай Алтынсариннің тағылымы бай, әртүрлі тақырыпта жазған әңгімелерінен көріністер қойылса, ІІІ бөлімде колледжімізде шығармашылықпен айналысып жүрген, ақындыққа бет бұрған студенттеріміздің Ыбырай аталарына арнауларымен кеш жалғасын тапты. Олар – Мақсат Тауасар, Бәйтік Тілек, Мұқият Ақберді, Қанатхан Мұхаммед, Еркіман Мұқағали, Иманғали Айдана
Іс-шараны өткізуге колледждің барлық топтарының белсенді студенттері қатысып, кешті әсерлі де, мағыналы өткізілуіне өз үлестерін қосты. Көрермендер — Ыбырай атамыз жайлы соңды білмеген мағлұматтар алғанын, кештің әсерлі өткенін жеткізіп, мағынасы зор кешті ұйымдастырған Құралай Әділбекқызына өздерінің алғыстарын білдірді