2019 жылдың 04 сәуір күні Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» 1-ші және 4-ші курста білім алушы қыз студенттері мен қыз-келіншектерден тағайындалған топ кураторлары арасында «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар» тақырыбында пікірталас өтті.
Жалпы пікірталасотырысының мақсаты – әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
Кештің өту барысында ерте жүктіліктің зардаптары, оның алдын алу, тақырыптар қозғалды. Қыз тәрбиесіне байланысты әр түрлі бағыттарды қамтитын «Кеш емес», «Журналистік зерттеулер» сынды бейнебаяндар көрсетілді.
-Сабақтан тыс іс-шара тиімді өткізілді. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Студенттер қызығушылықпен қатысып, өздерін еркін түрде ұстап, өз ойларын жеткізе білді. Уақыт үнемді пайдаланып, іс-шараға қойылған мақсаттарға жетті.-деді колледждің білікті оқытушыларының бірі Ардақ Сарқымбайқызы.
«Қызым үйде, қылығы түзде» деген де бар емес пе? Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін осындай ұлы сөздерді айтып кеткен. Ар-ұяттан айырылу – қазақ үшін ұлттық қасірет. Қазір қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індетпен көп болып күресейік, ағайын!


