Астана ЭКСПО-2017

2017 жылы 20 шілде  күні Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен оқытушылары  «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып қайтты. 4 күнге созылған саяхат студенттерімізді таңқалдырмай қоймады. Астана қаласына Павлодар қаласы арқылы барғандықтан, әсем қала Павлодарды да аралап шықтық. Павлодар, Астана қалаларында «Серпін»  Ұлттық Жобалар басқармасының басшысы Кулзия Кадыровна колледж студенттерін тосып алып, осы қалаларда тегін жатын орынмен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.

  Студенттеріміз ең алдымен ЭКСПО  басты ғимараты – алдыңғы қатардағы технологияларды пайдаланып шар түрінде салынған Қазақстанның ұлттық павильонын көруді жөн санады. Сондықтан да, алғашқы бағытымыз – ұлттық павильонды тамашалаудан бастау алды. ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болғандықтан,   энергетика саласында – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергияларын студенттеріміз мұқият көріп, танысты.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысып, тақырыпқа сай болашақтағы жоспарлар, ұлттық экспонаттар, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінен де  көрермендерге ұсынды.    Көрмеге әр халықтың орасан зор экономикалық әлеуеттін  білдіретін — жаңа технологиялар, жабдықтар, көлік тасымалы және қызмет көрсету жүйелері, қала құрылысы мен сәулет өнері саласында алдыңғы қатарлы әзірленімдер қойылған.  Сөздің шындығында,  бір күнде барлық  елдердің  көрмеге ұсынылған  жаңалықтары мен жаңашылдықтарын тамашалап көріп бітіру мүмкін емес. Дегенменде, әр студент өзін қызықтырған елдер мен ұйымдарды аралады. Қалай уақыттың жылдам сырғып, өте шыққанын байқамадық. ЕКСПО-2017 көрмесінен шығу уақыты да келіп жетті. Барлық студенттің бойында болашаққа деген ұмтылыстары ерекше, іштегі толғаныс тебіреніс сезімдерін жасырмады.  Еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылатын — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне баруға жағдай туғызған ШҚО Білім басқармасы,  Шығыс Қазақстан Облысының техникалық  және  кәсіптік білім беру ұйымының басшысы, «Серпін»  Ұлттық Жобалар басқармасының басшысы Кулзия Кадыровнаға және де колледж директорына барлық студенттер атынан алғысымыз шексіз.

 

 

Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары        Құйқалақова Қ.Ә.

 

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 82151Всего посетителей:
  • 81Посетителей сегодня:
  • 90Посетителей вчера:
  • 767Посетителей на прошлой неделе:
  • 8578Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.