«Жарып – сою техникасы»

Шеберлік класс

Тақырыбы: «Жарып – сою техникасы»

Мақсаты:

Білімділік: Студенттердің  теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге мүмкіндік жасау.

Тәрбиелік: Елімізге өз үлесін қоса білетін маман иесі болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттердің мамандыққа деген  сүйіспеншіліктерін арттыру.

Пән аралық байланыс: «Жануарлар физиологиясы мен  анатомиясы»

Көрнекіліктер:Видео,қозы  өлексесі, хирургиялық үстел, кювет, пышақ, скальпел, пинцет.

Өтілу барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Шеберлік кластың тақырыбымен таныстырып, өзектілігін айқындау.

III.Видео шолу

IV.Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

V.Қозы  өлексесін жарып — сою.

VI.Жарып сою хаттамасын толтыру.

VI.Өлексеге патанатомиялық диагноз қою.

VII. Оқытушының қорытынды сөзі.

Шеберлік класстың қорытындысы

Тақырыбы: «Жарып – сою техникасы»

     Шеберлік класс 4 «ВКА» тобының студенттерімен өткізілді. Патанатом ролінде Аралбаев Еркін, ассистентері Мұрат Нұрзат, Кауаш Манат. Қозы өлексесін толық жарып сою әдісін көрсетті. Патанатом өлекседегі патологиялық өзгерістерді айтып отырды. Ассистенті  Мұрат Нұрзат жарып-сою хаттамасын толтырды. Соңында патологиялық диагноз қойылды. Оқытушылар Жакипова Риза Жумагазиновна мен Балғабайқызы Әсем нұсқаулық жасап тұрды. Топтың өзге студенттері жарып-сою техникасына бақылау жасады.

    Шеберлік классы 4 курс студенттері үшін үлкен пайдаға асты. Себебі: дипломалды практикаға барғанда өлексе жару техникасын білу және хаттама толтыра білу маңызды.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 86482Всего посетителей:
  • 38Посетителей сегодня:
  • 48Посетителей вчера:
  • 448Посетителей на прошлой неделе:
  • 86Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.