2019 жылдың 29 сәуір күні Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтті.
-Кейбір деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймыз!-деді колледж алдында ұйымдастырылған мерекелік шарада жиналған көпшілікке арнап сөз алған колледж директоры Оралбек Оспанов.
-Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары. Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда, өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз.-деді ел мен жер, ұлттар мен ұлыстар туралы сыр ақтарған колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ерасыл Шәріпханов.
Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір-бірінің салт-дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз — біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!







QQFfOU https://writemyessayforme.web.fc2.com/octavio-paz-essay-day-of-the-dead.html
FORENw http://waldorfdollshop.us/ waldorf doll