«Сібір жарасының диагностикасы мен сауықтыру шарасы» атты іскерлік ойынның жоспары
Мақсаттары:
1.Білімділік: сібір жарасы ауруының шығу жолдарын, клиникасын, індеттанулық ерекшеліктерін білу. Сонымен бірге сібір жарасы ауруын емдеу, сауықтыру шараларын меңгеру.
2.Тәрбиелік: өз мамандығына, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеуде ұжымдық, достық қарым қатынастарын күшейтуге үйрету.
3.Дамытушылық: логикалық ойлау қабылетін, өз бетімен жұмыс жасауға және сөйлеу мәнерін дамыту.
Сабақтан тыс шараның өту жағдайы
Жалпы сабақ тыс шара тақырыпқа сай өткізілді, «сібір жарасының диагностикасы және сауықтыру шаралары» тақырыбында өткізілген іскерлік ойын өз мақсатына жетті. Студенттердің осы тақырып жөнінде білімдерінің барлығын көрсете білді, студенттер белсене қатынасты.сабақ нұсқаулық әдістеме бойынша өз тәртібімен өтті, және сабақ соңында сабақтың өткізу талдамасы жасалынды.
Сабақты өткізген топ:2ВКС
Сабаққа белсене қатынасқан студенттер:Асқарбек Тоғыжан, Әбди Меруерт, Әшірәлиева Ақбілек, Мустафаев Самат, Нысанбаева Айгерім, Серікбай Арайлым және Шерехан Дәмегүл

Сібір жарасының әр жылдық көрсеткіш деңгейін көрсету

Сібір жарасынан өлген өлекселен патматериал алу

Инспекторлар сібір жарасының сауықтыру,алдын алу шарасын жоспарлауда

Сібір жарасын лабароториялық тексеруден өткізу