«Серпін-2050» бағдарламасы аясында

        Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан, «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы  Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыруды, тартуды мақсат етеді.  Бұл жоба жастарымызды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімдеудің  тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып  отыр. Мемлекетіміздің еңбек нарығындағы экономикадағы ерекшеліктерін ескере отырып «Серпін-2050» бағдарламасымен   колледжіміз 2015-2016 оқу жылынан бастап  «1513000 Ветеринария»  мамандығына  студенттер оқытып отыр. 2018  жылы 19 серпіндік студенттер оқу орнын бітіріп шықты. Түлектердің  жұмысқа орналасуы — 100%ды құрайды.  Соның ішінде   Шығыс Қазақстан облысына-9  (Ұлан ауданында-5, Глубокое ауданында-2, Бородулиха ауданында-2)  түлек жұмысқа орналасты.
«Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша бүгінгі күні 45  серпіндік студент колледж қабырғасында білім нәрімен сусындауда. Осы студенттер  жатақханамен тегін қамтамасыз етілген. 35 студент шәкіртақы  алады. 45 студенттің 27 сі аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан.  Болон процесі және  академиялық ұтқырлық  орталығы «Ұлттық жобалар басқармасының бас сарапшысы» Байменова Гульжанат Ахмаджанқызымен және Облыстық білім басқармасы басшысының  орынбасары  Оспанғалиев Қажымұқан Алимханович  колледжге келіп  серпіндік студенттермен кездесу ұйымдастырды. Студенттердің  тыныс-тіршілігі, жай -күйімен  танысты. Кездесу барысында студенттер көкейлерінде  жүрген сұрақтарын қойып, орнықты жауаптар алды.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 107551Всего посетителей:
  • 56Посетителей сегодня:
  • 53Посетителей вчера:
  • 477Посетителей на прошлой неделе:
  • 1298Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.