«Жас маман – 2019» кеші өтті

«Жас маман – 2019» кеші өтті

Ұлан ауданының Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан аулышаруашылық колледжінде» бітіруші студенттерге диплом тапсыру рәсімі – «Жас маман – 2019» кеші болып өтті.

Аталмыш шараға Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО Кәсіби білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Ләззат Кездікбаева және бір топ әлеуметтік серіктестік басшылары қатысты.

-Сіздер қанат қағып биікке самғаған құс сияқтысыздар. Алдағы уақытта сіздерден ел үміт артады. Елдің өнеркәсібін дамытып, экономиксына елеулі үлес қосатын қазіргі жастар. Биыл Жастар жылы аталып, елдің болашағына сенім күшін жүктейтін жастарға, әсіресе, студеттерге халық та, отбасыларыңызда үміт артады деп ойлаймын. Өмірде де, еңбекте жолдарыңыз болсын!-деді диплом тапсырып жастарға құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Нұрымбет Аманұлы.

-Біздің студенттеріміз биыл бірнеше рет «World skills Kazahstan — 2019» өңірлік чемпионатына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Әсіресе, облыстағы ветеринария саласының білікті де мығым екенін бірнеше сайыста көрсеткен 4 курс студенті Асқарбек Тоғжан мен Төребеков Бекболатты және 3 курс студенті Базар Жансаяны мақтанышпен атап, өзгелерге үлгі етеміз. Біздің студенттеріміз білімі мен біліктілігін танытып, басқа оқу орындары арасында биік беделге ие болды.-деді құрметті қонақтар мен колледж ұжымының алдында сөз алған колледж директоры Оралбек Оспанов.

Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Кәсіби білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Ләззат Кездікбаева колледжді үздік бітірген он бір студентке қызыл дипломдарын табыс етті.

Олардың арасында 4 ВКС тобының студенттері «World skills Kazahstan — 2019» өңірлік чемпионатында он алты облыс ішінде жоғары оқу орындарымен сайыста ерекше өнер көрсетіп «Ветеринария» құзіреттілігі бойынша І орын иеленген Асқарбек Тоғжан, «World skills Kazahstan — 2019» сайыстарының жүлдегері Әшіралиева Ақбілек, Жайшылықова Назерке, Әбди Меруерт, Әмзе Айдана және Жақияева Жауқазын сынды студенттер болды.

Сонымен қатар, диплом тапсыру рәсіміне арнайы шақырылған колледждің әлеуметтік серіктестері атынан Степан Гладышев, Қуаныш Раисов және Жасұлан Қадырбаевтар да жастарға сәттілік тіледі.

Олардың қолдарынан диплом алған жастардың қатарында «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауының «Ветеринария» мамандығы бойынша ІІ орын иегері, «World skills Kazahstan — 2019» аймақтық чемпионатының «Үздік терапевт» номинациясының иегері Төребеков Бекболат және Бисали Бағлан,  Жаңабай Еркебұлан, Қуанышбек Ержан сынды студенттер болды.

Колледждің намысын талай жерде абыроймен қорғаған студенттерге колледж директорының атынан арнайы сыйлықтар ретінде ноутбук, ұялы телефон және тағы басқа өмірлеріне қажетті заттар табыс етілді.

Сондай-ақ колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысқан студенттер мен олардың тәрбиесіне зор үлес қосқан оқытушылар да құрмет грамоталарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтсақ, 2019 жылдың «Үздік топ жетекшісі» номинациясы бойынша 4 ВКС тобының жетекшісі Ғани Әлайдаров марапатталаса,  «Белсенді студент» номинациясы бойынша, Мұқанова Әсем, Мұхтарова Назерке, Өмірзақ Ақерке, Әуелбекұлы Нұрғиса және Шамша Бекарыс сынды студенттер марапатталды.

Шараның соңынан бітіруші студенттер түлектер «Түлектер вальсін» билеп, көркемөнерпаздардың концерті тамашаланды.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 105961Всего посетителей:
  • 73Посетителей сегодня:
  • 84Посетителей вчера:
  • 1821Посетителей на прошлой неделе:
  • 4391Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.