Жаңа жыл мерекесі тойланды

Әрбір адамның көңілін шаттыққа бөлеп, жүрегіне ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін барлығымыз да қатты қуанамыз. Осы мереке жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай. Әсіресе, көпшілік адамдар бұл мерекені жүрегі мен тілегі бір үлкен отбасыларымен өткізгенді жақсы көреді және отбасы мүшелерінің үйде болуының маңызы зор. Жыл сайынғы дәстүрлі тағамдарды дайындап, бір-бірімізді сыйлықпен қуантуға асығамыз.

Осындай қуанышты Жаңа жылдық мерекелік кеш Саратовка ауылында орналасқан «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» КМҚК ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні болып өтті. 2019 жылды шығарып салып, 2020 жылды қарсы алу кешіне колледждің барлық топтары – он сегіз топ өз өнерлерін ортаға салып қатысты. Колледждің акт залында өткен Жаңа жылдық мерекенің көрігін қыздырып, жастарға дем берген Жаңа жыл шыршасы кештің шырайын аша түсті. Барлық топтар «сен тұр, мен атайын» дейтіндей-ақ тыңғылықты дайындықпен келіпті. Өнерлерімен қоса, мерекелік кешке арнайы тіктіріп киген киімдері де көз тартарлық болды. Сонымен қатар, әрбір топ өздеріне арнайы жайған дастархандарымен ерекшеленді.

Осы кештің барысында колледж директоры О.Оспановқа 2019 жылдың оқу қорытындысы бойынша еліміздің Білім министрінің алғыс грамотасы табыс етілді. Студенттердің өнерлеріне тәнті болған көрермен қауым мен оқытушылар құрамы ризашылықтарын білдіріп, ерекше көзге түскен топтарды тәтті торттармен марапаттады. Олардың арасында Г.Кусаинова жетекшілк ететін 2 ВК тобы, С.Зайнулдина басқаратын 4 ВК тобы және Г.Уәлиева жетекшілік жасайтын «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алып жатқан 4 ВКС тобы болды. Кештің соңы жастардың би кешіне ұласты.

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 106023Всего посетителей:
  • 41Посетителей сегодня:
  • 94Посетителей вчера:
  • 1254Посетителей на прошлой неделе:
  • 4453Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.