Ойынменен ой жетілер

                                                             
   21 –қыркүйек күні Шығыс Қазақстан ауылшарушылық колледжі студенттері арасында Ұлан ауданының 90 жылдық мерейтойы құрметіне арналған «Ойынменен ой жетілер» айдарымен ұлттық спорттық ойындардан сайыс өтті.Бұл іс-шараны  колледж оқытушылары  Р.Ж. Жакипова мен Г.М. Кусаинова ұйымдастырды. Сайыста командаларға бөлінген студенттер, тек қана спорттық ойындар емес, интеллектуальдық деңгейлерін де көрсете отырып, бойдағы  білімдерін де сынға салды.  Студенттерді  «Ұлан», «Көктау», «Аюда» деген командалық топтарға  бөліп , әр команданың мүшелеріне сайыстың ережесі түсіндірілді.  Ұлан ауданының тарихы мен тарихи тұлғалары,  өлкенің таңғажайып нүктелері мен табиғи- географиялық келбетін ашар мазмұндағы сұрақтар қойылды. Сайысқа қатысушы студенттер бұл күндері ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық ойындарын қазіргі заманғы спорттық ойындармен біріктіре отырып көрермендердің көңілінен шықты. Студенттер үш командаға бөлініп  «Ләнгі тебу»,  «Көкпар тарту», «Арқан тарту» сияқты спорттық ойындарды беріле ойнап, өздерінің күш-қарымдары мен шапшаңдықтарын, ептіліктері мен әбжілділіктерін көрсете білді. Сайыстар арасындағы үзілістерде қан қыздырар билер биленіп, бой жадыратар Флэш-моб, дене қимылын ұйымдастырылды.  Алуан түрлі тақырыпты қамтыған әсем әндер шырқалды.           Сайыстың мақсаты студенттерді  Ұлан ауданының тарихымен таныстыра отырып,олардың білім қоры мен ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру болса, оған қол жеткізілді деп сеніммен айтуға болады. Мерекелік шараға барлық студенттер бір кісідей қатысып, оны мейлінше  көңілді өткізді. Шара соңында  әділқазылар тобы студенттер сайысының  қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттады. Бірінші орынға 106 ұпаймен «Көктау» командасы жеңіске жетсе,екінші орынға «Ұлан» командасы 100 ұпаймен ,үшінші орынға  90 ұпаймен «Аюда»  командасы жайғасты.  Шығыс Қазақстан ауылшарушылық колледжі студенттердің білім қорларын  молайтуға  тигізер ықпалы өте зор, тамаша, көңілді сайыс кеші көрермендердің де, сайысқа қатысушылардың да есінде көпке дейін сақталатыны анық
Науканова Алма
Қазақ тілі әдебиеті
пәнінің оқытушысы

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 107553Всего посетителей:
  • 58Посетителей сегодня:
  • 53Посетителей вчера:
  • 479Посетителей на прошлой неделе:
  • 1300Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.