«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

2019 жылдың 28 қараша күні Ұлан ауданының Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кеш өтті.

Бұл кеште колледж студенттеріне Елбасының өмірі, шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы толық мәліметтер беріліп, ел үшін жасаған істері айтылды. 

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық — асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Ол қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын. Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от — жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.-деп студенттерге нақты қарапйым тілмен жеткізілді. Тұңғыш Президенттің күніне колледждің студенттері ән орындап, Елбасының балалық шағынан сахналық көрініс тамашаланды

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 107682Всего посетителей:
  • 92Посетителей сегодня:
  • 95Посетителей вчера:
  • 553Посетителей на прошлой неделе:
  • 1429Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.