Батыл Бекжан

Кез-келген ер-азаматтың ерлік жасағысы келетін шығар. Дегенмен, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Ұлан ауданының Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» 4-ші курс студенті Серікбаев Бекжан да ешқашан ерлік жасаймын деп ойлаған жоқ.

Сол күні ел орынға отырып, төңіректі қараңғылық басқан кезде Бекжан «Арзан» сауда орталығынан сауда-саттық жасап, әпкесінің үйіне кіріп шықпақшы болды. Сауда орнына жақындаған сәтте айнала қаптаған жаңадан салынған көп қабатты үйлерді көріп тамсанып келе жатты. Жан-жақтан жарық шашқан электр бағаналарының шамдары айналаны әсемдікке бөлеп тұрды. Төменгі қабаттан жоғары қабатқа көз жүгірте қызыға қараған Бекжан тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатындағы балконда бір аяғын далаға салақтата өкси жылаған қызды көзді шалды. Жердегі құйма-құйма болып жатқан ірі цементтерге құласа қыздың тек қана қалдығы қалатынын ойлағанда өне бойы мұздап сала берді. Өйткені, өз-өзіне қол жұмсамақ ниеттегі қыздың әрекеті қайғылы оқиғаға соқтырарын білді. Дереу подъездге жүгірді. Абырой болғанда есік те ашық және лифт те жұмыс істеп тұр екен. Сегізінші қабатқа көтерілген Бекжан есігі шалқақтата ашылған шеттегі пәтерге көзі түсті. Жанталаса ішіне енгенде, балконда нәзік қолдарымен ілініп,  екі көзі қанталай ісіп жылаған қызды көрді де қолынан шап беріп ұстай алды. Қыз қарсыласа өмірден баз кешкенін аңғартып, төменге салбырай түсті. Тер мен жас сіңген қыздың қолы сырғанақтап Бекжанның уысынан шығып бара жатты. Осы кезде Бекжан нар тәуекелге басып қызды өзіне жұлқи тартып көтерді де, беліне таман қапсыра ұстады. Ақырындап көтере ішке кіргізе бастағанда, екеуінің апыл-ғұпыл алысқандарын естіген көрші-қолаң мен басқа адамдар жетіп үлгерді. Осылайша, бұл өмірдің қиындығын өз-өзіне қол жұмсап қана шешуге болады деп ұққан біреудің құлыны, балапаны, асылы мен арманы болған бойжеткен қызды өлім аузынан алып қалды.

-Мен өзімді ерлік жасадым деп айта алмаймын. Менің жасаған әрекетім әрбір азаматтың ісі деп білемін. Әкем Жанболат пен анам Жұлдыз адам баласына қамқорлықпен қарап, мейрімділік таныт деп айтып отырады. Қолыңнан келсе, көмегіңді аяма дейтін. Сондықтан, ата-анамның ізгілікті тәрбиесін орындап, бір кісінің өмірін сақтап қалғаныма өзім да разымын-дейді ағынан жарылған Бекжан.

Өмірдің өрі, шатқалы мен ауыртпалығы Бекжан сынды азаматтар тұрғанда білінбес. Олар ата-бабаның салтына берік, өзінің емес, өзгенің қамы үшін «отан үшін отқа түсіп» елдің ертеңі үшін лайықты еңбек етіп, тәуелсіз жеріміздің тірегі боларына нық сенімдіміз.

Ернар Байбатыров

Саратовка ауылы

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 107587Всего посетителей:
  • 92Посетителей сегодня:
  • 53Посетителей вчера:
  • 513Посетителей на прошлой неделе:
  • 1334Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.