Ауылшаруашылық мамандарының кәсіптік шеберлік сайысы өтті

Қазіргі таңда ел жастары жұмысшы мамандықтарға бет бұра бастады. Құрылысшы, аспаз,  шаштараз, слесарь сынды кәсіптен нәпәқасын тапқандардың саны артып келеді. Кәсіби-техникалық білім алуға талпынған жас буынның да қатары көбеюде.

2019 жылдың 13-17 мамыр күндері аралығында Өскемен қаласында алғаш рет ауылшаруашылық мамандықтары мен ауылшаруашылық машиналарын жөндеуші-слесарь және ветеринария құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Shygys – 2019» ІV аймақтық чемпионаты болып өтті. Онда жұмысшы мамандықтарының қыр-сыры мен шеберлігі бойынша 43 құзіреттілік бойынша 240 қатысушы біліктіліктерін бақтарын сынады.

Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»  «WorldSkills Shygys – 2019» кәсіптік шеберлік сайысының аймақтық чемпионатына алғаш қатысып отыр.

Ветеринария құзіреттілігі бойынша 3 модульде сайыс өтті. Алғашқы сайыс «Микробиология» пәнінен «Грамм әдісі» бойынша бояу болса, екінші тапсырма «Микроорганизмдерді қоректік ортаға қайта себу» болды.

Екінші модуль екі пәннен тұрды. «Хирургия» пәнінен бір қабатты және екі қабатты тігістерді салу, тренажер симулятор-аяққа орау әдістерін салу болды. Ал «Акушерлік іс» пәнінен патологиялық тууға көмек көрсету және ірі қара малдың спермасын еріту және оның сапасын анықтау әдістерінің шеберлігі болды.

Үшінші күнгі сайыс қояндарға «Клиникалық диагностика» жүргізу туры өтті. Сайысқа қатысушы конкурсанттар өздерінің тероиялық білімдерін практика жүзінде шеберлікпен көрсету мүмкіндіктерін барынша қолдана білді. Конкурсқа қатысушы әрбір кокурсант өздеріне берілген тапсырмаларға барынша белсене қатысты.

Конкурстың шешуші кезеңі де келіп жетті. Бірінші орынға, яғни алтын медаль иегері  «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» студенті Асқарбек Тоғжан өзінің білімділігі мен біліктілігін көрсетіп, сайыстың биік шыңына шықса, Семейдің «Агробизнес және экономика» колледжінің студенті күміс жүлде, Жарма «Технологиялық колледжінің» түлегі Тусупханов Нұрлан үшінші орынды місе тұтты.

Қорыта айтқанда, «WorldSkills Shygys – 2019» ІV аймақтық чемпионаты жұмысшы мамандық елімізде сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті маман даярлауда жоғары дәрежеде екенін айқындады. Демек, басқа мамадықтармен қатар, ауылшаруашылық маман иелері де әлемдік деңгейде өз біліктіліктерімен сайысқа аянбай кірісетіндіктерін байқатты.

Аталған конкурсты ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру Басқармасы сайыстың өте жоғары деңгейде өтуін бүге-шігесіне дейін қарастырып, барлық керекті материалдық жарақтарымен қамтамасыз етті. Ақтық сынға нағыз білімді, нағыз білікті республикалық сайыста өз облысымыздың намысын қорғайтын жас мамандарды таңдауға мейлінше көмек көрсетті.


«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» оқытушысы

Гульбахрам Уалиева  

Пока нет комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Статистика

  • 107539Всего посетителей:
  • 44Посетителей сегодня:
  • 53Посетителей вчера:
  • 465Посетителей на прошлой неделе:
  • 1286Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.