Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Халыққа білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
- Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
- Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекше-ліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
- Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
- Психопрофилактикалық жұмыс
- Психодиагностикалық жұмыс
- Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары
- Психологиялық кеңес жұмыстары
- Ағартушылық жұмыстары
Психологиялық қызметтің басты мақсаты — даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологтың этикалық кодексі:
- Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
- Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
- Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
- Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
- Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
- Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
- Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
- Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
- Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
- Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
- Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
zU5Z52 https://writemyessayforme.web.fc2.com/octavio-paz-essay-day-of-the-dead.html
UJ5rvL http://waldorfdollshop.us/ waldorf doll