Сабақтың жоспары
Тақырыбы: «Комплемент байланыстыру реакциясына жұмыстық ерітінділер дайындау»
«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді».
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік:Студенттердің жауапкершілігі мен белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Студенттердің мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Білімділік: Студенттердің теориялық білімдерін толықтыру және тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: « Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен»
Көрнекіліктер: колбалар, микротүтікшелер, штативтер,кюветтер.
Реактивтер: біріңғай бруцеллез антигені, құрғақ комплемент, гемолизин, 2,5 % қошқар эритроциті.
Оқыту тәсілі:төрт деңгейде: білу, түсіну, қолдану,ізденімпаздық.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбымен таныстырып, өзектілігін айқындау.
III. «Миға шабуыл» стратегиясы.
Жаңа тақырыпқа қатысты анықтамаларды еске түсіру.
- Физиологиялық ерітінді
- Антиген және оның титрі
- Комплемент және дайындалу тәсілі
- Гемолизин және дайындалу тәсілі
- Қошқар эритроциті
- Гемолиз
- Компоненттердің титрін анықтау ережесі
- Бүгінгі тақырыптың ерекшіліктерімен таныстыру.
V.Жаңа тақырыпты түсіндіру, демонстрациялау.
- Зертханада қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
- Оқушыларға нұсқаулық картасын таратып беру.
VII. Оқытушының ұйымдастыруымен студенттердің өздік жұмысы.
Тапсырма1. Реакцияға компоненттерін есептеу.
Тапсырма2. Есептелген жұмыстық ерітінділерді әзірлеу.
VIII.Үй тапсырмасы: Әр түрлі концентрациядағы ерідінділерді есептеп үйрену.
IХ.Қорытынды бағамдау. 1.Зерттеу нәтижесін қарау,бақылау.
- «Уақыт шеңбері»(Оқытуды және оқуды бағамдау) Студенттердің сабақта өткізген уақыттарына логикалық тапсырма артқылы сараптама жасау.
«Зертханалық жұмыстардың техникасы »
пәнінен өтілген ашық сабақтың қорытындысы
Тақырыбы: «Комплемент байланыстыру реакциясына жұмыстық ерітінділер дайындау»
3 «ВКС» тобымен өткізілген ашық сабақ өз мақсатына жетті. Топ студенттерінің барлығы қызығушылық танытып, өте белсенді болды. Сабақтың екінші бөлімінде зерттеу жұмысына деген ынталары ерекше болды.
Сабақтың соңын , студенттердің өздері саралау жасады. Тақырыпты ұғынуына және түсінбеуіне себепті факторларды сурет арқылы салып берді. Ол оқытушының келесі сабақтарды жүргізуіне методикалық нұсқау болады.