Студенттерге қайырымдылық жасалды

2019 жылы 15 ақпан күні Саратовка кентіндегі «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету.

Қайырымдылық акциясы шарасының барысында 50 000 мың теңгеден астам ақшаға азық-түлік өнімдері сатып алынды. Оның ішінде, күріш, қант, кеспе, шекілдеуік майы, ұн, шәй азықтары және жуып-шаю заттарына қатысты сабын, тіс пастасы, кір жуатын ұнтақ сынды керекті заттар берілді. Акция барысында алдымен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар студенттердің тізімі анықталды. Осы тізім бойынша колледждің беделді оқытушыларынан құрылған комиссия жастарға дайындалған азық-түлікті үлестіріп берді.

Сонымен қатар, оқытушылардың үйлерінен әкелінген киімдер қажет ететін студенттерге таратылып заттай көмек те көрсетілді.

Азық-түлік пен заттарды алған студенттер арнайы дәптерге тіркеліп жазылды. Қамқорлық акциясы барысында барлығы 38 студентке көмек көрсетілді.

«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» тәрбие саласы

No Comments Yet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Статистика

  • 107952Всего посетителей:
  • 43Посетителей сегодня:
  • 56Посетителей вчера:
  • 510Посетителей на прошлой неделе:
  • 1699Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.