Наурыз мейрамы тойланды

2019 жылдың 20 наурыз күні «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде» Наурыз мейрамы тойланды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға ұжымның барлық қызметкерлері атсалысты. Өткізуге жауапты болған колледждің көркемдік жетекшісі Ербол Асемханов пен 2 ВКА тобының жетекшісі Риза Жакипова мейрамды өте жақсы атқарып шықты.

Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!-деді Ербол Еркінұлы өз тілегін білдіріп.

-Ұлыстың ұлы күнінде әрбір жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін ашқан. Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай ұшып келген, жыл жерге түскен, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көктасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қызыр ата аралаған.-дейді ежелгі Наурыз мерекесі туралы ой білдірген топ жетекшісі Риза Жұмағазықызы.

-Уа, ағайын!

«Наурызым – бабамның сөзі,

Наурызым – анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен

Даламның сөзі»-деп жүргізушілер Наурыз мейрамына арнайы ат басын бұрған қазақтың атақты үш биінен бата сұрап мерекені бастады. Ақ жаулықты аналарымыздан алақанынан көпшілікке шашу шашылды. Одан әуелеген әндер мен мың бұралған бишілер Наурыздың көрігін қыздырды. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері – Беташар, Тұсаукесер, Бесікке бөлеу, сонымен қатар арқан тартыс тәрізді спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Наурыз көже дайындалып, көпшілік ұлттық дәмнен ауыз тиді.

-22 Наурыз мерекесі құтты болсын! Бұл күні берілген ақ бата қабыл болады. Төрт түлігіміз болсын! Өрісіміз малға, үйіміз жанға толсын! Наурыз мерекесі бәрімізге дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін.-деді қалың көпшілікке өз құттықтау тілегін білдіріп, мерекелік шараны қорытындылаған колледж директоры У. Оспанов.

Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын демекпіз.

No Comments Yet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Статистика

  • 106038Всего посетителей:
  • 56Посетителей сегодня:
  • 94Посетителей вчера:
  • 1269Посетителей на прошлой неделе:
  • 4468Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.