«Қара пима» драмалық спектаклін тамашалады

2019 жылдың 14 сәуір күні «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасымен оқитын бір топ студенттері Өскемен қаласындағы ШҚО Драма театрында өткен Ұлықбек Есдаулетовтың «Қара пима» драмалық спектаклін тамашалады.

Сахнадағы бөлме көрінісі, әдемі жиылған төсек, бөлменің дәл ортасында дөңгеленген үстел, жаюлы дастархан, шай қайнатып, баласын, күйеуін тосып жүрген әйел, әндете сөйлеп жүре самаурынға оттық салып жүрген көрініс балалардың назарын бірден өзіне аударды.

Драманың орта тұсында бөлменің бір бұрышында шешесі қайтыс болғаннан кейін бүрісіп отырған бала көрермен қауымның барлығын тебірентіп жіберді.

Көріністе бала үйіне келіп шашылып жатқан үйін жинастырып, сабағына дайындалуға отырады. Осы кезде қолында шөлмегі бар әкесі әндете үйге кіреді де, домбырасын алып, бір әуенге салып төсекте жатады. Біраз уақыттан соң, тұра сала жан-жағына қарап жоғын іздейді. Әр жерді бір тіміскілейді. Көзі бір бұрышта тұрған баласының пимасына түседі, балаға бір, пимаға бір қарайды. Баласына білдірмей пимасын қойнына тығып алып шықпақшы болғанда баласы көріп қалады.

Баласы әкесінің қолындағы пимаға жармасады. Осы кезде әкесі баласының кеудесінен итеріп жібереді. Бала жерге құлап ұзақ уақыт жылайды. Көршілері келіп далада жатқан баланы құтқарып, дәрігерге апарады.

Ауруханада ақ төсекте жатқан баласының жанына әкесі келеді. Бала әрең көзін ашып әкесіне қарайды.

Әкесі базардан су жаңа пима сатып әкелгенін айтады. Енді қандай қатты қыс болса да аяғы тоңбайтынын айтқанда, баласы күлімсіреп енді маған пиманың керегі жоқ-деп теріс айналады. Әкесі баласынан үстінен көрпесін жұлып алады. Баласының аяғы тізесінен кесілгенін көріп баласының кеудесінен құшақтап құлайды. 

-Драма өте әсерлі болды. Нағыз өмірден алынған. Қазіргі таңда осындай отбасылар мен қатыгез әкелер де жоқ емес.-десті спектакльді тамашалаған колледж жастары.

Олар алдағы уақытта да ШҚО Драма театрында өтетін көрініс тер қойылымдарға келіп тұруға өте қуанышты екендіктерін жеткізді.

No Comments Yet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Статистика

  • 7702Всего посетителей:
  • 5Посетителей сегодня:
  • 19Посетителей вчера:
  • 140Посетителей на прошлой неделе:
  • 424Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.