Екі жұлдыз» ән-байқау сайысының І кезеңі өткізілді

2019 жылдың 7 қараша күні «Шығыс Қазақстан ауылшараушылық колледжінің» «Мұрагер» ұйымының жетекшілігімен «Екі жұлдыз» ән-байқау сайысының І кезеңі өткізілді.

«Екі жұлдыз» ән сайысының ережелері бойынша сайысқа әрбір топтан міндетті түрде бір жұптан шығуы керек болатын. Олар екі студент немесе кураторы мен студент бола алды. Өз қалауымен қатысамын деушілерге де рұқсат берілді. Кез-келген студент немесе оқытушысымен шығуға болды.

Сайыстың бірінші кезеңде еркін тақырыптағы әндер шырқалды. Келесі 13 қарашада болатын ІІ кезеңде патриоттық әндер, ал 21 қарашадағы ІІІ кезеңде Хәкім-Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты Ұлы ақынның әндері ғана орындалады.

Жалпы бұл сайыстың  мақсаты – дарынды студенттерді анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту.

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауында колледждің өнерлі жастары додаға түсті.

Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағы жанып, бабы келіскен жастардың арасында Қыдырәлі мен Рустем, Жұлдызай мен Алина, Жанерке мен Айнұр, Нұрғиса мен Өрен, Ризабек пен топ жетекшісі Қарлығаш Мамырқызы, Тілеугүл мен Ләйлә, Азамат пен Әділ және Қуантай мен Құралай болды.

Оларға төрелік жасағандар әнші, музыка пәнінің мұғалімі Тансықпаев Ержан, колледждің оқу бөлімінің қызметкері Тусупова Фаузия мен тарих пәнінің оқытушысы Алматова Алмагүл болды.

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша Нұрғиса мен Өрен жарыс жолынан шығып қалды. Алда арпалысқа толы доданың күтіп тұрғаны анық! Көрермен көруге асығыңыз!

Арсен Ахметов Колледждің 3 курс студенті

No Comments Yet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Статистика

  • 12284Всего посетителей:
  • 51Посетителей сегодня:
  • 86Посетителей вчера:
  • 533Посетителей на прошлой неделе:
  • 552Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.