Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар

2019 жылдың 04 сәуір күні Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» 1-ші және 4-ші курста білім алушы қыз студенттері мен қыз-келіншектерден тағайындалған топ кураторлары арасында «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар» тақырыбында пікірталас өтті.

Жалпы пікірталасотырысының мақсаты әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

Кештің өту барысында ерте жүктіліктің зардаптары,  оның алдын алу,  тақырыптар қозғалды. Қыз тәрбиесіне байланысты әр түрлі бағыттарды қамтитын «Кеш емес», «Журналистік зерттеулер» сынды бейнебаяндар көрсетілді.

-Сабақтан тыс іс-шара тиімді өткізілді. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Студенттер қызығушылықпен қатысып, өздерін еркін түрде ұстап, өз ойларын жеткізе білді. Уақыт үнемді пайдаланып, іс-шараға қойылған мақсаттарға жетті.-деді колледждің білікті оқытушыларының бірі Ардақ Сарқымбайқызы.

«Қызым үйде, қылығы түзде» деген де бар емес пе? Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін осындай ұлы сөздерді айтып кеткен. Ар-ұяттан айырылу – қазақ үшін ұлттық қасірет. Қазір қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індетпен көп болып күресейік, ағайын!

No Comments Yet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Статистика

  • 7702Всего посетителей:
  • 5Посетителей сегодня:
  • 19Посетителей вчера:
  • 140Посетителей на прошлой неделе:
  • 424Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.