Әдептен озбайық – сырласу кеші

2019 жылдың 28 наурыз күні Саратовка аулындағы «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің» 1-3 курста оқитын қыздар мен колледждің әйел оқытушыларының қатысуымен «Әдептен озбайық» тақырыбында қыз-келіншектердің сырласу кеші болып өтті.

-Кеш мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын бойына сіңіре алатын білімді де инабатты, адамгершілігі жоғары, рухани бай, өнегелі қыздарды тәрбиелеу. Қоғамның алдында өзіндік орны бар, белсенді, білімді, жауапкершілігі жоғары, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүретін, әдепті, сыпайы, жан-жақты жетілген қыз баланы қалыптастыру болды.-дейді сырласу кешін өткізуге мұрындық болған колледж психологы Айнұр Ахметова.

Кештің өту барысында бойжеткен ережелерімен таныстыру, қоғамдық орындарда қыздардың өзін-өзі ұстауы, қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы төңірегіндегі сұрақтар қарастырылды.

         Қыз тәрбиесіне байланысты әр түрлі бағыттарды қамтитын бейнебаяндар көрсетілді.

-Сабақтан тыс іс-шара тиімді өткізілді. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Студенттер қызығушылықпен қатысып, өздерін еркін түрде ұстап, өз ойларын жеткізе білді. Уақыт үнемді пайдаланып, іс-шараға қойылған мақсаттарға толық жетті деп ойлаймын.-деді кеште қорытынды сөзін білдірген тәжірибелі оқытушы Сәуле Зайнулдина.

-Дөңгелек үстел түрінде өткен сырласу кешінде бейнебаяндарды көріп, қызу талқылау жүргізілді. Осындай мазмұндас кештер жиі болса нұр үстіне нұр болары хақ. Өзімізде рухани тағы бір серпіліс алып, кіші сіңілілерімізге ақылдарымызды айттық.-деді колледждегі ветринария саласының майталман оқытушыларының бірі Гүлбахрам Манапқызы.

Қазақ атамыз «Қыз  мінезді  келсін,  ұл өнерлі келсін» деп қыз тәрбиесіне  аса  көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыю» деген нақылды да ұмытпай, ұлттың ұлт болуы анадан бастау алатынын әманда естен шығармайық ағайын.

No Comments Yet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Статистика

  • 9503Всего посетителей:
  • 13Посетителей сегодня:
  • 14Посетителей вчера:
  • 131Посетителей на прошлой неделе:
  • 449Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.