Записи в категории Архив сайта

Ұлағаты мол мерейтой

Қанат қағып сан мын түлек ұядан,

Орын алды бүгінгі күн қиядан.

Студенттік өмірі өткен ордасын,

Сағынышпен еске алмай ма жиі адам.

Сан жылдар сыр шертетін тарихынан,

Талай маман ұшырған жылы ұядан.

Сағынтып өткен күндер қайта оралмас,

Қимастар басын қосып мерейтойда,

Қауышпақ, қуанышпен сағынысқан – деп өлең жолдарына арқау болған  ауылшаруашылық колледжіне бүгінде  70 жыл толып отыр.

1Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан  ұрпағын  ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне  — өзі  сенімді, интеллектуалдық  деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан, еліміздің гүлденуіне үлес қосатын саналы   азамат, білгір де білікті маман ретінде  тәрбиелеуде  техникалық және кәсіптік білім беру ошақтарының алатын орны айрықша. Сондай колледждердің бірі – Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі.

4

Ауылшаруашылық колледжі  — еліміздің сұранысындағы мамандықтарды даярлауда  жемісті еңбек етіп, талай жеңістерге талмай жетіп, биік-биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтатып,  өз  кезінде де, бүгінде де жақсы атымен танылып жүрген, Шығыс Қазақстан облысындағы байырғы колледждердің бірі.

Осы аталмыш  ауылшаруашылық колледжі бүгінде 70 жылдық мерейтойын тойлату қарсаңында. Бүгінгі күні өзінің тарихымен танымал болған колледжде  — «Агрономия», «Ауылшаруашылық механикаландыру», «Ветеринария», «Ара шаруашылығы», «Марал өсіру» сияқты мамандықтарында түлектер  сапалы білім алуда.

2

Ауылшаруашылық колледжінің 70 жылдығына облыстық білім басқармасы, ардагер ұстаздар,  әлеуметтік серіктестіктер, сан жылдарда  тұлеп ұшқан түлектер мерейтойда бас қосты. Мерейтой — салтанатты жиыннан бастау алып, көкке ұшырылған аспан шарлары,  сыңғырлаған әуенді  еске алу қоңырау соғу рәсімі, жылы лебізді құттықтаулар, «Ветеринария» мен «Ара шаруашылық» мамандықтарына арналған лабораториялық кабинеттердің ашылуы,  концерттік бағдарлама, спорттық ойындар, марапаттар мен сыйлықтарды  табыстау, қонақтарға жайылған мерекелік дастарханмен жалғасын тапты. Мерейтойға шақырылған ардагерлеріміздің әр қайсысына да құттықтау сөз беріліп, колледждегі   қызмет жасаған уақыттарын көздеріне жас ала отырып еске алып, бүгінгі бейбіт заманға шүкіршілік етті.

3

Мерекеге жиналған қонақтар білім  шаңырағындағы игілікті істердің куәсі болып, келешегі кемелді, болашағы жарқын, бәсекеге қабілетті  мамандардың тәрбиеленіп жатқанына, ондағы білікті де білімді ұстаздар қауымының жемісті еңбектеріне тәнті болды. Колледж ұжымына «Мерейтой құтты болсын!» – деп, ізгі тілек тілей отырып, әлі де талай асулар мен жетістіктерді тілеймін!

«Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі» — деп, саналы, ұлтжанды ұрпағына сеніммен қараған Елбасының үміті де, сенімі де әрқашан ақталып, Қазақ елінің мерейі көкте  ғана самғайтынына сенімдімін!

Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі

директорының тәрбие жөніндегі орынбасары           Қ.Құйқалақова

 

Статистика

  • 86484Всего посетителей:
  • 40Посетителей сегодня:
  • 48Посетителей вчера:
  • 450Посетителей на прошлой неделе:
  • 88Посетителей в месяц:
Наш адрес  071615, ВКО, Уланский район, с. Саратовка, ул. Молодежная, 4.