18 сәуір күні оқу орнымызда орта білім беру мекемелерінің 9 және 11 сынып бітіріушілері мен ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Шараға Ұлан ауданындағы мектептерден жалпы саны 256 оқушы қатысты.
Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, тарихымен танысып, колледжде даярланатын барлық мамандықтар бойынша толық ақпарат алды. Бітіруші түлектер жылы тілектерге бөленіп, ал колледжіміздің студенттері өз өнерлерімен келген оқушыларды қуантты.