1 қыркүйек күні – білім күні, яғни алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған немесе бітіруші түлек үшін ерекше мәнге ие болар күндердің бірі. Сол сияқты колледжге 1 курсқа қабылданған студенттің де ерекше сезімге бой алдыратыны сөзсіз. Жан-жағына мұқият қарап, таңдалған мамандықтың қыр-сырын үйретер оқытушыларға барлап қарайтын студенттерге бәрі де қызық болып көрінер… Сол ерекше күн, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде 2018 жылдың 1 қыркүйек күні атап өткізілді.
2018-2019 оқу жылына арналған алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Қоңырау үні сыңғырлап, естілді жылы жаныма!» атты салтанатты жиын өткізілді. Ауа-райының жаңбырлы болып, күрт өзгеруі де колледж студенттерінің көңіл-күйлерін түсірмеді. Әдемі киінген ұл-қыздарымыз күлімсіреп, мерекенің ажарын аша түскендей…
Салтанатты жиын екі тілде жүргізілді. Мереке Қазақстан Республикасының көк байрағы енгізіліп, мемлекеттік әнұранның ойнатылуынан бастау алды. Колледж директоры Уралбек Төлегенұлы, қамқорлық кеңесінің мүшесі Ардақ Сарқымбайқызы, ата-аналар атынан Райхан Жеңісбекқызы студенттеріміз бен колледж ұжымын мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттіліктер тіледі. Қоңырау соғу рәсімі 1 курс студенті Дауытбек Мұхтар мен 4 курс студенті Серікбайқызы Арайлымға берілді.
wt4o9Q http://waldorfdollshop.us/ waldorf doll